Қаржы • 28 Шілде, 2022

Әрекетсіз салық төлеушілер тізімінде болсаңыз...

356 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Салықтық міндеттемелерді уақтылы орындамаған жағдайда салық төлеушілер әрекетсіз деп танылған салық төлеушілер тізіміне енуі мүмкін. Әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен қалай шығуға болатынын Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері айтып берді.

Әрекетсіз салық төлеушілер тізімінде болсаңыз...

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Салық кезеңі үшін Салық ко­дек­сінде белгіленген табыс ету мер­зімінен кейін бір жыл өткен соң табыс етілетін мына декларацияларды тапсырмаған жағдайда әрекетсіз салық төлеуші болып танылады, оның ішінде:

1) заңды тұлғалар үшін кор­по­ратив­тік табыс салығы бойынша декларация, жеке кәсіпкерлер үшін жеке табыс салығы бойынша декларация;

2) заңды тұлғалар да, жеке кә­сiп­керлер де ойын бизнесiне са­лық, тiркелген салық бойынша дек­ларацияны көрсетiлген салық ке­зе­ңiнен кейiнгi үш салық кезеңi үшiн ұсынбаған жағдайда;

3) заңды тұлғалар да, жеке кәсіп­кер­лер де екі салық кезеңі үшін оңай­латылған декларацияны ұсын­ба­ған жағдайда.

Салық төлеуші өзінің әрекетсіз салық төлеуші тізімінде бар-жоғын kgd.gov.kz сайтында, «Электрондық қыз­меттер» мәзірінен «Сенімсіз са­лық төлеу­шілерді іздеу» бөлі­мін­де тексере алады.

Егер сенімсіз салық төлеу­ші­лер тізіміне енсе

Егер салық төлеуші осы тізімде болса, онда мына талаптарды орындау қажет:

1) салық есептілігін табыс ету және есептелген салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындау;

2) «Әкімшілік құқық бұ­зу­шы­лық туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасы Ко­дек­сінің 272-бабына сәйкес әкім­­шілік материалды ре­сімдеу үшін орналасқан жері бо­йынша Мем­ле­кет­тік кірістер бас­қармасына келу.

Сенімсіз салық төлеушілер тізі­мінен алып тастаудың жалпы мерзі­мі – 5 жұмыс күні.

Тізімнен шығарылғанын 5 күн­нен кейін «Сенімсіз төлеу­ші­лер­ді іздеу» бөлімінде сайттан тексеруге болады.

Әрекетсіз салық төлеуші болу­дың кемшіліктері

Әрекетсіз салық төлеушілер тізімін­де­гілердің мынадай салдары бар:

- ҚҚС бойынша есептен шығару;

- серіктестік қызметіндегі контра­гент­тердің күмәндануы;

- банктерде шот ашу және несие алу мүмкіндігінің болмауы.

2022 жылы әрекетсіз деп та­ныл­ған барлық салық төлеу­ші­лер­дің саны 11 180 адамды құ­рай­ды.