Қазақстан • 03 Тамыз, 2022

«Тәуелсіздік ұрпақтары» анықталар күн жақын

278 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын ұсыну жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлайды.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» анықталар күн жақын

2022 жылы әрбір грантқа 3 млн теңгеден 30 грант беріледі. Грант берудің мақсаты – бел­сенді шығармашыл жастар қауым­дастығын қалыптастыруға бағыт­талған жастардың жаңа және қол­даныстағы бастамаларын мемле­кеттік қолдау. Конкурстық өтінім­дерді қабылдау аяқталған кезде жасы 14-тен кем емес және 29-дан аспайтын, конкурсқа қатысуға өтінім берген Қазақстан Республикасының кез келген азаматы үміткер бола алады.

Гранттар Қазақстан Республи­касының азаматына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде мынадай бағыттар бойынша беріледі. «Ғы­лым» аталымы ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған. «Мәдениет» ата­лымы Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгері­летуге бағытталған жобаларды іске асырғандарға табысталады.

«Ақпараттық технологиялар» аталымы жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және дайындауға арналған. «Бизнес» аталымын экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асырғандар иеленеді. «Медиа» аталымы жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асырғандарға бұйырады.

Үміткерлердің конкурстық өті­німдері (қағаз нұсқада) ағымдағы жылғы 14 тамызға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» Әкімшілік ғимараты (14-кіреберіс); Байланыс нөмірлері: 8(7172)74-12-78, 8(702-000-88-12). Электронды нұсқасы [email protected] поштасына қабылданады.

Конкурстық өтінімдер мем­лекеттік және (немесе) орыс тіл­дерінде қабылданады және нысан бойынша жобаның сипаттамасы; жобаның бейне-таныстырылымы (60 секундтан аспайды); шығыстар сметасының жобасы; зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса) қамтылуға тиіс.