Елорда • 14 Тамыз, 2022

Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елордада Ironman халықаралық триатлон жарыстары өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды

Осыған байланысты Бейбітшілік пен Келісім сарайы маңындағы Момышұлы және Тәуелсіздік даңғылдары, Байтұрсынов, Қалдаяқов және Нәжімеденов көшелері жартылай жабылды.

Сонымен қатар жарыс өтетін Достық, Әлихан Бөкейхан, Керей-Жәнібек, 38-көшелері, Мәңгілік Ел және Ұлы Дала даңғылдарында қозғалыс шектелді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жабылған көшелердің толық картасын навигациялық қосымшадан онлайн көруге болады. Сондай-ақ жолаушылар көлігінің қозғалыс сызбасы өзгерді. Қала тұрғындары мен қонақтарынан маршрутты алдын-ала жоспарлауды сұрайды.