Елорда • 25 Тамыз, 2022

Елордада «Назар аударыңыз – балалар!» іс-шарасы өтіп жатыр

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа оқу жылы қарсаңында 22 тамыз бен 12 қыркүйек аралығында елорда аумағында «Назар аударыңыз – балалар!» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада «Назар аударыңыз – балалар!» іс-шарасы өтіп жатыр

Жедел алдын алу іс-шарасы аясында бірінші кезеңде мүдделі органдармен және мектептермен бірлесіп, білім беру нысандарының жанында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне мониторинг жүргізіледі.

Екінші кезең 1-12 қыркүйек аралығында өткізіледі, онда алдын алу үшін мектеп оқушыларымен сабақтар, дәрістер өткізу, үгіт-насихаттау сынды тікелей жұмыс жүргізіледі.

Оқу жылының басынан бастап мектептердің жанына арнайы жасақ қою, ауыстыру және кешкі уақытта сабақ аяқталғаннан кейін патрульдеу жұмыстарын күшейту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар жедел алдын алу іс-шарасы аясында кәмелетке толмағандар үшін белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық шектеулерді сақтай отырып, жол қауіпсіздігі мәселелеріне арналған ұйымдастырушылық, ағартушылық және ойын-сауық шаралары жоспарлануда.