Медицина • 26 Тамыз, 2022

Трансплантацияның жаңа технологиясы

509 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық ғылыми онкология орталығы базасында алғаш рет трансплантолог-хирургтер туыстық донордан бүйрек трансплантациясын сәтті орындады. Бұл – АВ0 сәйкес келмейтін бүйрек трансплантациясы әлемнің кейбір елдерінде жүзеге асырылады, бірақ аз мөлшерде.

Трансплантацияның жаңа технологиясы

Бүйрек трансплантация­сы созылмалы бүйрек жеткіліксіз­дігінің терминалдық сатысы бар пациенттер үшін бүйректі алмастыратын терапияның оң­тайлы әдісі, алайда емдеудің осы әдісінің таралуы барлық елде бар донорлық органдардың тап­шылығымен айтарлықтай шектелген.

Тірі донордан бүйрек алмас­тыру – мәселені жеңудің нақты жолдарының бірі. 2022 жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 3 566 пациент донорлық органдарды трансплантациялауды қажет етеді, оның ішінде 77 бала бар. Ағза алмастыруға мұқтаждар санына тоқталсақ, бүйрекке мұқтаж –
3 154 ересек адам, балалар – 60; бауырға мұқтаж – 169 ересек, балалар – 8; өкпеге мұқтаж – 17 ересек адам, балалар жоқ; жүрекке – 147 ересек адам, балалар – 6; ал 2 ересек адамға, 3 балаға «жүрек пен өкпе» қажет.

Бірнеше сағатқа созылған операция барысында 35 жастағы науқасқа донорлық орган сәтті трансплантацияланды. Ш. есімді науқас «5-ші сатыдағы созылмалы бүйрек ауруы» диагнозымен келіп түсті, екі жыл бойы бағдарламалық гемодиализде болды. Бұл реципиентте қан тобына сәйкес келмейтін донор болды. Десенсибилизациялау­шы ем жүргізгеннен кейін па­циент­ке туыстық донордан бүйрек трансплантациясы жасалды. «Донор-реципиенттің» жай-күйі жүргізілген араласулардың уақыты мен ауырлығына сәйкес келеді және қанағаттанарлық деп бағаланады. Қазіргі уақытта олар белсенді, төсектен тұрып, қозғалады. Бүгінгі таңда реци­пиент үйіне шығарылды, олар­дың функцияларын қалпына келті­ру үшін трансплантацияланған органдардың белсенді терапиясы жалғасуда.

Бұл технология отандық орган­­­дарды трансплантациялау орта­­­лығында дамитын болады.