Қоғам • 01 Қыркүйек, 2022

17 адам ақталды

456 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бас прокуратураның міндеттерінің бірі заңдылықты қамтамасыз ету және әділетсіз сот актілеріне кассациялық наразылық келтіру арқылы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау болып табылады.

17 адам ақталды

Жыл басынан бері Бас про­курордың кассациялық нара­зылығы бойынша Жоғарғы сот 17 адамды ақтады. Бұл ретте, өткен жылдардағы қылмыстық істер мұқият тексерілді. Заң сотталған адамның жағдайын жақсарту туралы мәселе қойылған кезде үкімдерді қайта қараудың мерзімдерін шек­темейтінін атап өткен жөн.

Мәселен, биыл 16 тамызда Жо­ғарғы сот прокурордың кассациялық наразылығы бо­йынша 2012 жылы жасөспірім кезінде Қылмыстық кодекстің 328-бабы бойынша қылмыс жа­сауға қатысты билік өкілі атағын өз еркімен бергені үшін сотталған екі азаматқа қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатты. Бұл әрекет үшін қылмыстық жауаптылық 16 жастан басталады. Қылмыс жасалған кезде сотталған азамат 15 жаста болған. Бұдан бөлек, оның кінәсі толық дәлелденбеген.

Тағы бір мысал, қылмыстық құқық бұзушылықтың елеусіздігі 2019 жылы 6 мың теңгеге азық-түлік ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған келіншекке қатысты сот актісінің күшін жоюға негіз болды. Жалғызбасты әйел екі баласын бір өзі тәрбиелеп отырға­ны белгілі болды. Балалары­ның кішісі бір жасқа да толмаған, шарасыздықтан ұрлық жасаған. Шығын ұсталғаннан кейін бір­ден өтелді. Ауыр материалдық жағдай, болмашы залал және оны тез арада өтеу фактісі оның іс-әрекетінің қоғамға қауіп төн­дірмейтінін айғақтады. Сол се­бепті де Жоғарғы сот қыл­мыс­тық қудалауды тоқтатты.

Процеске қатысушылардың шағымдары, облыстар прокурор­ларының өтініш хаттары және өз бастамасы бойынша қылмыстық істер материалдарын тексеру әлі де жалғасуда.