Пікір • 02 Қыркүйек, 2022

Ел еңсесін көтеретін бастамалар

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған Парламенттің үшінші сессиясында Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады.

Ел еңсесін көтеретін бастамалар

Ел Президенті «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынатынын, 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалатынын жеткізді. «Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек», деді Мемлекет басшысы.

Келесі жылдан бастап Ұлттық қордың жылдық инвестициялық табысы­ның тең жартысы 18-ге толмаған қазақстан­дық­тар­дың жеке шоттарына аударылады. Прези­дент бұл қаражатты 18-ге толған азаматтар қалай жұмсай алатынын да айтып өтті. «Кәмелетке толғаннан кейін жинақталған сома баспана мен білім алуға жұмсалады. Бұл қаражат өскелең ұрпаққа ересек өмірге нағыз жолдама береді. Қор да шын мәнінде, ұлттық мәртебесіне сай бола түседі және халықтың мүддесіне жұмыс істейді. Бұл ауқымды бастаманы пысықтау үшін жаңа жобаны 2024 жылдың 1 қаң­тарынан бастап іске қосуды тапсырамын», деді Президент.

Жолдаудың не­­­гіз­гі бөлігі еліміздің әлеуметтік-эконо­ми­­­­ка­­­лық дамуына арналды. Сапа­сының ар­­­туы­на қа­рай, отандық жоғары оқу орын­да­рын­­­дағы білім алу ақысы да өсетіндігін атап өтті.

Ендеше, Мемлекет басшымыз айтқан­дай, «бірлігімізді бекемдеп, ел үшін еңбек етейік!».

 

Руслан ХАМЗА,

Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі ұлттық орталығының атқарушы директоры

 

Атырау