Қазақстан • 02 Қыркүйек, 2022

Еуроодақ Қазақстанды қолдайды

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа оқу жылының бастауы секілді Жолдау жария­ланған күнді саяси нау­­қан­ның маңызды кезеңі деуге болады. Осыдан бір-екі ай бұрын Қазақ­­станда өткен жалпыхалықтық референдумда қабылданған саяси ре­фор­маларды Еуропалық одақ қолдап, маңыздылығын атап өткен болатын.

Еуроодақ Қазақстанды қолдайды

Жолдаудағы басым бағыт­тарды ЕО одан әрі қолдай түседі. Өйткені маңызды құжат­та айтылған, алдағы уақыт­та іске асатын саяси және әлеумет­тік-экономикалық реформалар бір-бірін толықтырып тұр. Еуро­одақ пен Қазақстан арасындағы су қорын нығайту секілді ірі жобалар одан әрі қолдау табады. Сонымен қатар адам капиталына бағытталған іс-шаралардың іске асырылуы тоқтатылмайды. Олар адам құқығын қорғау, ден­саулық сақтау, білім беру саласына тікелей қатысты. Біз қазір осы салаларда көптеген тренинг өт­кізуге дайынбыз. Тәжірибе алма­суды жалғастыра береміз. Жол­дауда айтылған барлық ре­фор­ма осы жұмыстарды ат­қаруға оң нәтижесін тигізеді деп сенеміз.

Қазір Қазақстан мұнайының басым бөлігі әлем нарығына тасымалданып жатыр. Бұл жерде Еуроодақтың қосқан үлесін атап өтпеуге болмайды. Сондай-ақ Еуроодақ елдері үшін Қазақстанның мұнайы маңызды. Бірақ қазір ЕО мұнайға тәуелділікті азайтып, күн энергиясы секілді баламалы шикізат көздерін арттыруды алға қойып отыр. Осы инвестициялық бағыт­та да біз Қазақстанмен тәжі­рибе алмасуға дайынбыз. Алдағы уақытта шикізат көздерінің балансын құруда іргелі істер атқарылады деп сенемін.

 

Кестутис ЯНКАУСКАС,

Еуропалық одақтың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі