Өнер • 02 Қыркүйек, 2022

«Балалар филармониясы» атты жаңа жоба іске қосылады

550 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3 қыркүйекте сағат 12:00-де «Балалар жылы» аясында «Қазақконцерт» қабырғасында кешенді жаңа жоба - «Балалар филармониясы» атты оқушылар абонементі іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Балалар филармониясы» атты жаңа жоба іске қосылады

Жобаның негізі мақсаты - жас дарындарды өнер әлемінде үйлесімді дамытып, сұлулық пен әдемілікті дұрыс ұғынуға жетелеп, оларда сезім байлығын қалыптастыруға түрткі болу.

Жоба аясында ұйымымыздың шығармашық ұжымдары дәріс-концерттерді ұсына отырып, өнерімен топ жарған майталмандарымыз жас мамандарды даярлауда өздерінің кәсіби шеберліктерімен бөліседі.

Атап айтсақ, «Қазақтың музыкалық аспаптары», «Классикалық музыкалық аспаптар», «Мюзикл дегеніміз не?», «Домбырадағы орындаушылық  мектептер» атты дәріс-концерттер, сондай-ақ вокалдық, актерлік,  би  секілді сұңғат өнердің түрлері бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.

Сонымен қатар жоба абонементін пайдаланушы «Қазақконцерттің» ұйымдастыруымен өтетін отандық кинокөрсетілімдер мен таңдамалы концерттерді тамашалай алады.

«Балалар филармониясы» жобасы биылғы жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында әр сенбіде сағат  12.00-де өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50