«Қостанай облысындағы төтенше жағдай бәрімізді алаңдатып отыр. Тілсіз жаудың өңірге айтарлықтай салдарын тигізуде. Тұрғын үйлер, орман мен ауылшаруашылық жерлері отқа оранды. Өкінішке қарай, адам шығыны да тіркелді. Қаза тапқан азаматтың жақындары мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен апатты ауыздықтау үшін Арнайы жедел штаб құрылғаны белгілі. Үкіметке төтенше жағдай салдарын жою үшін қажетті қаражат бөлу және баспаналарынан айырылған азаматтарға арнап жаңа тұрғын үйлер салу жұмысын жедел бастау жөнінде тапсырма берілді.
Апатпен күрес жұмыстарына Парламент Сенаты да өз үлесін қосады. Қостанай облысынан сайланған сенаторлар жедел штабтың жұмысына атсалысуда. Сондай-ақ Сенат депутаттары зардап шеккендерге көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударады.
Осындай жағдайда бірлігімізді танытып, жұдырықтай жұмылу аса маңызды. Зардап шеккендердің сауығып кетулерін және жағдайдың тезірек тұрақталуын тілейміз», делінген әлеуметтік желідегі жазбада.