Мәселен, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ең төменгі жалақыны 70 мыңға дейін көбейтуді тапсырды. Сонымен қатар әйелдердің зейнетке шығу жасын 2028 жылға дейін 61 жас етіп бекіту ұсынылды. Бұл өз кезегінде кез келген қазақстандыққа тікелей әсер ететін бастама деп айтуға болады.
Жалпы, бүгінгі Жолдаудың басты тетігі – Әділетті Қазақстан. Әрбір қамтылған бағыт елдегі саяси тұрақтылықты сақтау үшін жасалуда. Яғни бұл тетік ішкі тұрақтылыққа кепіл болады. Сонымен бірге, Жолдау кезінде атқарушы билік, Үкіметке де сын айтылды. Кез келген бастаманы жүзеге асырушы – ол Үкімет. Осыған сай, алдағы уақытта жергілікті басқарушы органдардың жұмысы оңтайландырылады.
Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»
Қазбек МАЙГЕЛДИЕВ,
Қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасы