Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2022

Қос қайраткерге құрмет көрсетілді

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов пен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Құлбек Ергөбек «Түркістан облысының құрметті азаматы» атанды.

Қос қайраткерге құрмет көрсетілді

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аза­маттардың ерен еңбегін атап өтіп, өңір халқы атынан алғыс айтты. Айта кетелік, Сауытбек Абдрахманов Қазығұрт ауданында өмірге келген. Журналистика сала­сындағы Президент сыйлығының лау­реаты, «Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері» құрметті атағы бар. Бірнеше орден, медальдармен наградталған. Абай атын­да­ғы Мемлекеттік сыйлықтың,  Ха­лықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Журналистика академиясының академигі. Қазақ және орыс тілдеріндегі көптеген кітаптың авторы, аудармашы. Ал әдебиетші, сыншы, публицист, филология ғылымдарының докторы, профес­сор, Халықаралық Ш.Айтматов академия­сы­ның академигі Құлбек Ергөбек Отырар ауданын­да дүниеге келген. «Парасат» орде­нінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы­ның лауреаты.

Қос қайраткерге шығармашылық табыс тілеген Дархан Сатыбалды өңір тұрғын­дары ұлысымыздың ұйытқысы – Оңтүстік өңірінен шыққан тұлғаларды әрдайым мақ­тан тұтатынын жеткізді. «Сіздер білім-ғылым, журналистика және зерттеу салаларында үлкен жетістікке қол жеткіздіңіздер. Еліміздің өркендеуіне, гүлденуіне мол үлес қостыңыздар. Кәсіби маман ретінде өздеріңізден кейінгі буынның қалыптасуына біріңіз қаламгер, саяси қайраткер ретінде, енді біріңіз ғалым, көрнекті әдебиет сыншысы ретінде зор еңбек сіңірдіңіздер», деді облыс әкімі.