Аймақтар • 06 Қазан, 2022

Алаңдауға негіз жоқ

153 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Шекарадан Қазақстан аумағына өткен ресейліктер туралы ақпарат қазір халықтың денін алаңдатып отыр. Елімізге келушілердің көбі Ресейде жарияланған мобилизациядан кейін бас сауғалап кеткендер екені мәлім. Өз елінің заңын орындаудан бас тартқандар біздің жерімізде де тыныш жүре қоюы күмәнді. Осыған алаңдағандар әлеуметтік желілер арқылы түрлі қауесет таратып, елді дүрліктіруге әуес болып кетті.

Алаңдауға негіз жоқ

Әрине, БҰҰ-ның конвенциясына сәйкес құқығы мен бостандығы бұзы­лып, өз елінде қуғынға ұшыра­ған­дарды босқын ретінде паналатуға біз де міндеттіміз. Сондай-ақ басына іс түсіп, табиғат немесе техногендік апат­тардан зардап шегіп, үдере көш­кендер болса, оларды да бас сауға­ла­­­ту­ға болады. Алайда Мемлекет бас­­­шы­сының жарлығын орындаудан бас тартып, көрші елдерге жылыс­та­ғы­­сы келгендерге босқын мәртебесі бе­­ріл­мейді. Соған қарамай біздің ел екі­­жақты келісімшарттарға сәйкес олар­ды көшіп-қонушы, қонақ ретінде қабылдауға мәжбүр. Ондай сылтаулар да көп. Мысалы, отбасымен табысу, еңбек етуге, оқуға, емделуге келу. Тіпті мис­сионерлік істермен де келуге қақы­лы. 

Жуырда облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек журналис­тер алдына шығып, Солтүстік Қазақстан аума­ғын­дағы ше­каралық бекеттерінен 21-25 қыр­күйек аралығында 30 мыңнан астам ре­сей­лік азамат Қазақс­танға өткен. Оның 20 мыңға жуығы 18 бен 60 жас аралы­ғын­да­ғы аза­маттар. Р­е­сейдегі ішінара мо­би­ли­за­цияға сәй­кес әскерге осы жас­та­ғы азаматтар ша­­қы­рылған.

Д.Жандарбектің айтуына қара­ған­да, олардың көбі біздің елдің аума­ғын транзиттік дәліз ретінде ғана пайдалануда. Тек 64 Ресей азаматы уақытша тұруға өтініш берген. Кел­ген­дігі туралы жазбаша хабар бер­ген­­­дердің саны – 1 481. Отыз мыңға жуық адамның ішінде тек осыншасы ғана уақытша тұруға хатталғаны күдік туды­рады.

Сонымен бірге облыс әкімінің орын­­басары қазір келушілердің күрт азай­­ғанын айтты. «Өйткені Ресей Фе­де­­рациясында әскери міндеткерлігі бар азаматтардың шетелдерге кетуіне ба­қы­лау күшейтілді», деді ол.

Ал уақытша келген шетелдіктерге арналған салық төлеушінің жеке сәй­кес­тендіру нөмірін (ЖСН) алуға өтініш бер­гендер саны – 1 340. Егер 19 бен 23 қыркүйек аралығындағы кезеңмен са­лыстырсақ, бұл сан 2,5 есеге артық. Бұл туралы «Азаматтарға арнал­ған үкі­мет» мемлекеттік корпорациясы Сол­­түстік Қазақстан филиалының дирек­то­ры Жәнібек Қамбаров мәлімдеді. Сон­дай-ақ Ж.Қамбаров ХҚО-ға жү­­гін­г­ен шетелдіктердің өте көп болуына байланысты қосымша тағы бір орталықтың ашылғанын жеткізді.

Әзірге Петропавл қаласында ше­тел­­­діктердің қатысуымен құқық бұзу­шы­лық­тар тіркелген жоқ. Жер­гі­лік­ті по­ли­­цияға жаяу және автомобильмен халық көп жиналатын жерлерге патрульдік қызметтерді күшейтуге тап­­­сырма берілген. Қазір қаладағы 517 нө­мі­рі бар 24 қонақүй толық. Оның үстіне пәтерлерді жалға берумен ай­на­­лысатын 20 бюро да қызу жұмыс істеуде.

Көші-қон қызметі барлық қонақ­үй мен жалға үй берушілерге ше­тел­дік­тер туралы миграциялық пор­тал­ға хабарлауын талап еткен. Со­ны­мен бірге шетелдіктер өздері тұрған аудан­дар­да­ғы миграциялық қыз­мет­тер­ге келгені туралы хабардар етуі қажет.

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақ­стан­да тіркелген 7 мыңдай шетел­дік тұ­рып жа­тыр. Соның бес мың­дайы – ре­сей­лік­тер. Көші-қон бас­қар­­масының қыз­меткерлері жер­гі­лікті полиция инс­пекторлары, прокуратура және жер­гілікті әкімдік қызметкерлерімен бір­ле­­сіп қазір қонақүйлерді, хостел­дер­ді, жалға бері­летін пәтерлерді тексеріп, заңсыз тұрып жатқандарды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 

Солтүстік Қазақстан облысы