Аймақтар • 10 Қазан, 2022

Бабын тапсаң, балыққа кенелесің

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көк мұнарлы Көкшетау мен үзіліп түскен моншақтай көгілдір көлді Қорғалжынның арасындағы кең көсілген далада мыңнан астам көл бар. Ғалымдардың сараптауына үңілсеңіз, 531 көлде балық өсіруге әбден болады екен.

Бабын тапсаң, балыққа кенелесің

Әйтсе де, Көкшетау көлде­ріндегі балықтың басым бөлігі баға­лы балық түріне жата қой­майды. Алдағы уақытта осы бір олқылықтың орнын толтыру мүмкіндігі туып тұрғандай. Таяу­да Бурабай ауданына қа­расты Ақыл­бай ауылында форель өсіруге арналған жабық орын пайдалануға берілді. Осы бір тәуекелді істі қол­ға алған «Biosphere-fish» ЖШС директоры Руслан Қуатов алдымен нарықты, кейін осы өңірде бағалы балықты өсіру жайын зерттеген. Несі бар, мықтап қолға алса, оңынан оңғарылатын тәрізді. Қабырғасымен кеңесе келе, ай­на­­лысуға шешім қабылдаған. Бағалы балықты өсіру үшін көп жұмыс істеу керек екен. Ең бас­тысы, экологиялық таза өнім. Бүгінгі тұтынушының іздейтіні де осы.

п

– Сыйымдылығы 25 текше метр болатын арнайы бассейндер дайындалды. Оған Франциядан жеткізілген форельдің алғашқы легі, яғни 70 мыңға жуық шабақ жіберілді, – дейді Р.Қуатов. – Сыры беймәлім бағалы балық біздің мөлдір суға үйреніп, өсе бастаған уақытта санын да көбейтуді межелеп отырмыз.

Кәсіпорынның жобалық қуа­ты жылына 40-50 тонна ба­лық өндіруге толық жетеді. Шын­туай­тында, бұл – елең еткізерлік жаңа­лық. Бұған дейін дәл осындай бас­тама Қорғалжын, Целиноград аудан­дарында қолға алынған болатын.

 

Ақмола облысы,

Бурабай ауданы