Қоғам • 20 Қазан, 2022

Темір жол – аса қауіпті аймақ

684 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде темір жол көлігінің астында қалып мерт болып немесе ауыр жарақат алып жатқан жағдайлар аз емес. Жеке бас қауіпсіздігін сақтамай, өтуге тыйым салынған жерлермен темір жолды кесіп өтудің салдары осындай жағдайға әкеліп соғады.

Темір жол – аса қауіпті аймақ

Биыл Ақтөбе стансасының аумағында жүк пойызының бөгде адамды қағып кету оқиғасы орын алды. Егде жастағы азамат, өтуге арналмаған жерде темір жолды кесіп өтпек болып жүк құрамасының соғуынан ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмды.

Тағы бір айта кетерлік жайт, темір жолды кесіп өтемін деп жарақат алып жатқандардың басым көпшілігі жеке бас қауіпсіздігін сақтамағандар, ішімдік ішкен соң мас күйінде қауіпті аймақта жүргендер. Темір жол көлігімен басып кету немесе соғып кетуді болдырмау үшін: біріншіден, темір жолдың жанында шеткі рельстен 5 метрден кем емес жермен жүру, екіншіден, арнайы жолаушы өтетін жолды, көпірді немесе туннельді пайдалану, үшіншіден, темір жолдың бойымен жүрмеу, таяп қалған пойыздың алдын кеспеу, төртіншіден, темір жол өткелдері жабылып немесе өткел бағдаршамының қызыл түсі жанып тұрса, темір жолды кесіп өтпеу, бағыттама бұрмалардың үстімен жүрмеу, вагонның немесе автоматты қосқыштың астымен өтпеу, бесіншіден, рельстің үстінде отырмау немесе мініп тұрмау, алтыншыдан, темір жол бойына бөгде зат тастамау, лақтырмау ережелерін қолдану қажет.

Ақтөбе стансасының ұжымы Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтарын темір жол аумағында қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

 

С.АЙТЖАНОВ,

Ақтөбе стансасы бастығының міндетін атқарушы