Қоғам • 26 Қазан, 2022

Аңқау жұрт – алаяқтың жемі

368 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Өңірде тауарлар мен онлайн қызмет сапасына айтылар арыз-шағым өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 23 пайызға өскен. Жыл басынан бері 681 арыз түсіпті. Тіпті танымал интернет дүкендердің қызметіне қатысты шағымданушылардың саны төрт есе көбейген.

Аңқау жұрт – алаяқтың жемі

Бұл тараптағы тұтыну­шы­лар­дың өкпе-назын сараптап қара­са­ңыз, электронды сауда, тұр­мыс­тық қызмет көрсету, қоғам­дық тамақтандыру салаларына қатысты шағым айтушылардың қарасы күрт көбейген. Тұтынушылар құқын қорғау департаменті әр­бір арыз-шағымға мұқият қа­рап, талдау жасауда. 680 өті­ніштің 447-сі жедел қаралып, тұ­ты­нушыларға 21 млн теңгеден аса қар­жы қай­та­рылған. Алған заты көңілден шықпай опынған 111 адам сапасыз тауарларын айырбастап алу мүмкіндігіне ие болыпты. Бұқаралық ақпарат құ­­ралдарында бұл тараптағы алаяқ­тықтан абай болу керектігі қан­­шама рет ай­тылса да, оңай жем болып жүр­гендердің қатары азаяр емес.

– Кейінгі уақытта тұты­­ну­шы­лар­дың арыз-шағым­дары көптеп келіп жатыр, – дейді тұ­ты­нушылар құқығын қорғау де­партаментінің басшысы Свет­ла­на Занегина, – олардың де­ні сапасыз өнім тө­ңі­регінде бо­лып келеді. Оның үс­тіне сау­даланған тауарлардың уа­қы­­тында жеткізілмейтіндігі бар. Сауда бұзылғаннан кейін кей­бі­­реулердің қолма-қол ақша­сын уақытында қайтармай, дің­кесін құртады. Жыл ба­сы­нан бері департаментке ин­тер­нет дү­­кендердің ақшалай қара­жат­ты қай­тармауына орай 44 тұ­ты­нушы шағым айтып келді.

Әрине, заман талабына сай интернет дүкендердің артық­шы­лығы да бар. Айталық, уақыт үнемдеу, бағаны бақылау және салыстырып қарау тәрізді жайлар. Шынын айту керек, көп жағдайда интернет дүкендердегі тауар құны кәдуі­лгі дүкендерге қарағанда бір­шама арзан әрі тұтынушыға тиім­ді акцияларды да жиі өткізеді.

Кемшілік те аз емес. Жалған сайттарда көздің жауын алатын небір тауар суреттері сыңсып тұр. Сатушы алыста болғандықтан көзбен көріп, қолмен ұстай ал­май­сың. Сондықтан кей тұста аңқау жұрттың алаяқтарға оңай жем болып жататындығы да кез­де­седі. Олар алдын ала 100 пайыз ақша төлеуін сұрайды. Кейін ұстатпай кетуі де мүмкін. Сөйтіп, жаңа заманның жетістігін өздерінің арам пиғылдарына пайдалануды мақсат еткен алаяқтар тұтынушының тауар үшін тө­ле­ген ақшасын алып алғаннан кейін әлеуметтік желідегі аккаунтын өшіріп немесе бұғаттап тастайды. Мұндай алаяқтарды табу тұтыну­шы­ға тіпті де мүмкін емес.

Қолданыстағы заңнамада интернет дүкендері мен олардың тыныс-тіршілігін қамтитын бір ғана бап көзделген. Сондықтан онлайн сатушылар заңнаманың олқылығын пайдаланып, тұты­ну­шылар құқығын бұзатын жағ­дай­лар жиі кездеседі. Демек олқы түсіп жатқан осы бір тұсты реттеп алсақ, тәмам жұрт оңай олжаға кенеліп жүрген алаяқтарға жем болмас еді.

 

Көкшетау