Қоғам • 10 Қараша, 2022

Қаруды заңсыз алуға қатысты құқық бұзушылықтар көбейді

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарумен заңсыз әрекеттерге байланысты құқық бұзушылықтардың саны бір жылда 38% өсті, деп хабарлайды Egemen.kz Finprom сайтына сілтеме жасап.

Қаруды заңсыз алуға қатысты құқық бұзушылықтар көбейді

Биылғы қаңтар - қыркүйек айларында елімізде қаруды заңсыз алу, пайдалану, өткізу және басқа да әрекеттерге байланысты 2 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 37,9 пайызға артық.

Құқық бұзушылықтардың көпшілігі қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүруге байланысты.

Жиі жасалған құқық бұзушылықтардың қатарына қаруды заңсыз жасау (418 жағдай) және қаруды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды жымқыру немесе қорқытып алу (141 жағдай) кірді.

Құқық бұзушылықтың көп бөлігі Алматыда тіркелген (72 іс, өткен жылдың он айында тек 1 іс қана болған).

Мұндай құқық бұзушылықтар санының айтарлықтай өсуі Жамбыл облысында да байқалады (13 жағдай, былтыр 1 ғана жағдай). Еліміздегі 20 өңірдің 14-де ғана бұл құқық бұзушылықтар тіркелген.

Биылғы қаңтар - қыркүйек айларында қаруды заңсыз алу, пайдалану, өткізу және өзге де әрекеттерге байланысты құқық бұзушылықтар салдарынан келтірілген залалдың белгіленген мөлшері 75,2 млн теңгені құрап, бір жыл ішінде 22,3 есе өсті.

Соңғы жаңалықтар