Өнер • 16 Қараша, 2022

Ұлттық құндылықтарды айшықтаған

427 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елордадағы Ұлттық музейде Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, талантты қылқалам шебері Оралбек Қабөкенің «Бейне» атты жеке көрмесі ашылды.

Ұлттық құндылықтарды айшықтаған

Көрмеге суретшінің 90-нан аса туындысы қойылды. Оның көбі автордың биыл салған еңбектерінен құралып, арнайы тақырыптар­ға бөлінген. Әр тақырыптың көтеріп тұрған жүгі жеңіл емес болса да, бәрі де – ұлттық болмы­сымызды айшықтаған арнаға тоғысады. Әсіресе жас таланттың психологиялық портреттері айтар ойының тереңдігімен, бояуының көркемдігімен ерекшеленеді. Біз көбінесе қоғамдағы кез келген құбылыстың сыртқы бейнесіне мән береміз де, ішкі әлеміне жіті үңілмейміз. Негізі, осы дұрыс па? Ал суретшінің осы портреттерін көргенде, сыртқы әсемдікке деген құштарлығыңыз, ойыңыз, көзқарасыңыз өзгереді. Сіз оны енді басқаша түйсінесіз. Бұл картинаның астарында қазіргі мың құбылған уақытта адамдық шынайы болмысымызды, қасиетімізді қалай сақтап қала аламыз деген терең философиялық ой жатыр. Суретші соны меңзейді. Сон­дай-ақ «Атамекен» атты триптих мүсінінде қазақтың қазыналы қа­риясы арқылы – жұмыр жердің бетінде ата-бабаның қаны тамған жерден артық ел жоқ екенін бояу түсімен көркем жеткізген. Ал «Уақыт және құн» атты сериясымен салған еңбектерінде алғашқы ұлт­тық теңгемізде жарияланған айтулы тұлғаларымыздың бей­несі айшықты бейнеленген. Соны­мен қатар қазақы отбасылық құн­дылықты дәріптеген туындылары да келушілерге мазмұнды ой салды. Мәдени іс-шараның ашылуында белгілі суретші Сембіғали Сма­ғұлов жас таланттың шығар­машылығы туралы парасатты ой қорытты.

«Сонау тоқсаныншы жыл­дар­дағы қиыншылық кезеңде бейнелеу өнерінің дамуы кішкене бәсеңдеп қалды. Өйткені оған сол кездегі күрделі жағдайдың әсері тиді деп ойлаймын. Әйтпесе бейнелеу өнерімізге сонау алпысыншы жылдардан бастап, лек-лек талантты жастар келіп, ұлттық өнерімізді биікке көтерді. Сол үрдіс аздап үзіліп қалғандай болып еді. Енді, міне сол, қайта жанданып, қазір бейнелеу өнеріне дарынды жас­тар көптеп келіп жатыр. Соның бел ортасынан Оралбек Қабөкені көремін. Бүгін біз оның елді қуантқан көрмесінің куәсі болып отырмыз. Талантты суретшінің әр жұмысынан ұлттық бояуға бай қолтаңбасы айшықталып тұрады. Оны ешкімге ұқсата алмайсыз. Ізденгіш, айтар ойы да терең», деп көрме иесіне жылы лебізін білдірді. Одан кейін сөз алған танымал қылқалам шебері Лейла Махат Оралбектің өмірге өзгеше қарайтын суретші екендігін атап өтті. «Ол халқымыздың тарихы мен салт-дәстүрін жақсы біледі. Бір жағынан, шығармаларынан өнерге адалдығы көрінеді», деп лайықты бағасын берді.

р

Бүгінде Оралбек Қабөкені кө­зі­қарақты қауым заманауи дарын­ды суретшілердің бірі ретінде жақ­сы біледі. Ол Т.Жүргенов атын­­дағы Қазақ ұлттық өнер ака­­де­­миясын тәмамдаған. Бір­қа­тар республикалық және халық­ара­лық байқаудың жүлдеге­рі. 2010 жы­лы «Шетелдегі қазақ жас­та­ры және ана тілі» атты халық­ара­лық өнер фестивалінде топ жар­са, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған республикалық «Каспий көкжиегі» атты суретшілердің байқауында бас жүлдені иеленген.

Іс-шара соңында Оралбек Қабөке көрмеге қойылған жұмыс­тарына қысқаша шолу жасады.

«Бұл көрменің «Бейне» деп аталуы тегін емес. Өйткені ол ме­нің шығар­машылық бейнем ғана емес, қоғамдағы әр құбылысты жан-дүниемнен сезініп өткізген бей­­нелердің жиынтығы десем бо­ла­ды. Көрмеге қойылған картина­ларым­ның денін биыл салдым. Біз қазір уақытпен жарысып күн кеше­міз. Әрбір өнер адамы өзі өмір сүрген уақытты бедерлейді. Мен де ұлт­тық бейнеден ажы­рамай, өз дәуірімнің келбетін сом­дап, хал­­қымның болмысы мен ерек­ше­лігін бейнелесем», деген мақсат-мүддесін айта келіп, осы көр­ме­ні өткізуге мұрындық бол­ған ­Ұлт­­­тық музей ұжымы мен жи­нал­ған ­жұрт­шылыққа алғысын айтты.

о

т