Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысында салықтық әкімшілендіруді одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Қазақстанда аккредиттелген АҚШ елшісі Дэниел Розенблюм, Ұлыбритания елшісі Кэти Лич, Еуропалық Одақ елшісі Кестутис Янкаускас, Канада елшісі Алан Хэмсон, Қазақстандағы Америкалық Сауда палатасының атқарушы директоры Дорис Брэдбери, сондай-ақ ірі бизнестің және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Премьер-Министр өз сөзінде Үкімет мемлекеттің шектен тыс араласудан бас тартып, барлық қатысушылар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған бәсекеге қабілетті нарықтық экономика құру бағытын жалғастыратынын атап өтті.
«Бұл бағытта шынайы нарықтық бәсекелестікті күшейту, заңнама және сот практикасын жетілдіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шаралар іске асырылып жатыр. Бұл бизнестің мүдделері мен құқықтарын қорғау жүйесін едәуір нығайтады, инвесторларға кең ауқымды экономикалық мүмкіндіктер береді», деді Әлихан Смайылов.
Ол бюджет-салық саясатын жетілдіру үшін 2030 жылға дейінгі Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасы қабылданғанын, ал фискалдық саясатты қайта жаңарту мақсатында 2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленетінін атап өтті.
Салық заңнамасын жақсарту жұмыстарының барлығы салық төлеушілермен, сарапшылармен және халықаралық консультанттармен тығыз ынтымақтастықта жүргізіледі.
«Бұл ретте салықтық әкімшілендіруді оңайлатуға және цифрландыруға, табысты реинвестициялау кезінде корпоративтік табыс салығы бойынша жеңілдіктерді қолдануды кеңейтуге ерекше назар аударылатын болады», деді Әлихан Смайылов.
Отырыс аясында қатысушылар салық саясатының тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдарды, жаңа Салық кодексін әзірлеу, тауарларды кедендік өңдеу, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік кәсіпкерлер арасындағы бизнес байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.
Қорытындылай келе, Премьер-Министр барлық ұсыныстар мен ұсынымдарды тиісті мемлекеттік органдар пысықтайтынын атап өтті.
«Қазақстан Үкіметі салық саясатының барлық өзекті мәселелері бойынша инвесторлармен ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын», деп түйіндеді ол.
Алматы облысының жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында тас жолдың бір бөлігі жабылды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында екі балықшы мұз астына түсіп кетті
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Кеше
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Кеше
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Кеше
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Кеше
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Кеше
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • 03 Ақпан, 2023
Үндістандағы қар көшкіні кезінде туристер қаза тапты
Әлем • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • 03 Ақпан, 2023
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • 03 Ақпан, 2023
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • 03 Ақпан, 2023
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • 03 Ақпан, 2023
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • 03 Ақпан, 2023
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • 03 Ақпан, 2023
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан-Чехия дипломатиялық қатынасына арналған дөңгелек үстел өтті
Қазақстан • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Жапония арасындағы мәдени байланыстар нығайып келеді
Мәдениет • 03 Ақпан, 2023
«Астана» велокомандасы жаңа маусымды жеңіспен бастады
Спорт • 03 Ақпан, 2023
Ақтауда бірнеше ұрлық жасаған 18 жастағы жігіт ұсталды
Оқиға • 03 Ақпан, 2023
Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының президентімен кездесті
Қазақстан • 03 Ақпан, 2023
Саясат Нұрбек «Digital Almaty 2023» форумына қатысты
Қазақстан • 03 Ақпан, 2023
Таразда халықаралық деңгейдегі Аквапарк іске қосылады
Аймақтар • 03 Ақпан, 2023
«AMANAT»-тың мәслихаттарға партиялық тізімдері 75%-ға жаңарды
Саясат • 03 Ақпан, 2023
Президент қолөнершілер көрмесін аралады
Президент • 03 Ақпан, 2023
Бас редакторлар клубының басшылық құрамы сайланды
Қазақстан • 03 Ақпан, 2023
Ұқсас жаңалықтар