Сұхбат • 14 Желтоқсан, 2022

Инфляция фармацевтика нарығына қалай әсер етті?

354 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Нарықтың жетекші және беделді сарапшыларының бірі, «Еуразия» өңіріндегі STADA халықаралық компаниясының вице-президенті Арминас Мацевичус 2022 жылдың сын-тегеуріндері мен нәтижелері, сондай-ақ келесі жылға Қазақстанның фармацевтика саласының үрдістері мен перспективалары туралы айтып берді, деп жазады Egemen.kz.

Инфляция фармацевтика нарығына қалай әсер етті?

- Құрметті Мацевичус мырза! Сұхбатымызды Қазақстан мен ТМД-ның бүкіл өңірі үшін өтіп бара жатқан 2022 жылдың қысқаша қорытындыларынан бастайық. Бұл жыл фармацевтика саласы үшін қандай болды?

Бұл бір күрделі жыл болды. Бұрын-соңды болмаған инфляцияның өсуіне байланысты API (дәрілік ингредиенттер) айтарлықтай қымбаттады (жеке позициялар бойынша – 30 пайызға немесе одан да көп). Сондай-ақ, инфляцияға ғана байланысты емес, сонымен қатар маршруттардың өзгеруіне байланысты логистикалық қызметтердің құны айтарлықтай өсті. Мұның бәрі дәрі-дәрмектің түпкілікті құнына әсер ететін күрделі геосаяси жағдайдың салдары. Екінші жағынан, Қазақстанда бүгінде фармацевтикалық өндірістің шамамен 20%-ы шоғырланған және бұл пайыз артып келеді. Оған қоса, бұнда, мысалы, Еуропамен салыстырғанда энергия тасымалдаушылар, соның ішінде тасымалдауға арналған отын арзан, салықтар төмен. Осыған қарамастан, осы жылы нарық өспеді, бөлшек сауда көлемі тоқырауда - жалпы нарық бойынша өсім шамамен 2% құрайды. Ал 2022 жылдың бірнеше айында тіпті теріс нәтиже болды. Егер шамалы өсім болса, ол тек ауруханалар мен ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) жүйесі үшін мемлекеттік сатып алу сегментінде ғана. Алайда соңғы факторды ескере отырып, нарық индустрия үйреніп қалған екі таңбалы өсу қарқынынан алыс болып отыр.

- Биыл Қазақстандағы фармкомпаниялардың жұмысы үшін ең қиын не болды?

Ең қиын? Мүмкін, құбылмалылық жағдайында бизнесті басқару, сонымен бірге осы кезеңде табыстылықты сақтап қалу. Өндірістегі шығындардың өсуі және сонымен бірге бағаны мемлекеттік реттеу өндірушілердің өз маржаларын барынша төмендетуге мәжбүр болуына әкеледі. Бірақ дистрибьютордың маржасы, дәріхананың маржасы да бар, тап осы жағдайда өндірісті табысты күйде ұстап қалу керек. Осыдан экономикалық қақпанға түсіп қалардай боласың. Бағаның шекті деңгейлерін қайта тіркеу өте қиын, бұл ұзақ рәсім (нарықты реттеушілер бірқатар басқа елдердегі бағалармен салыстырады). Дәріхананың үстеме бағасын шектеудің регрессивті шкалалары да қолданылады: дәрі неғұрлым қымбат болса, үстеме бағаның рұқсат етілген пайызы соғұрлым аз болады. Жалпы, мемлекет Қазақстанда бағаның бақылаусыз өсуін тежеу үшін көп жұмыс істеді, бірақ өсім әлі де сөзсіз екенін түсіну керек. Біз атап өткендей, дәрі-дәрмектердің құрамдастырушыларының тез қымбаттауы орын алуда. Бұл біздің өндірушілер үшін сынақтардың ішіндегі ең қиыны.

- Сіздің ойыңызша, Қазақстандағы дәрі-дәрмек айналымын реттеудің ережелері мен тәсілдері қаншалықты тиімді? Мұнда не нәрсе жақсартуды қажет етеді?

Олар ең алдымен тұтынушыны қорғауға бағытталған. Бірақ әртүрлі шығын түрлері өсіп, бағаны көтеру мүмкін болмаған кезде өндірушілер үшін жағдайды қалай да теңестіру мәселесі қиындықтар тудырады. Ингредиенттерде (API) валюталық үлес өте жоғары, ал шығындардың өсуі қандай да бір жолмен жабылуы керек. Әлбетте, бағаны реттейтін заң олардың басқарылмайтын өсуін тежеуге мүмкіндік береді, дегенмен, өндірушілер үшін жұмыс пен бәсекелестік жағдайлары айтарлықтай қатайтылады. Ағымдағы жылға дейін болған тұрақты баға кезеңінде сала тұрақты жұмыс істей алды, бірақ шығындардың қазіргідей жалпы өсуі орын алған турбуленттілік режимде өндірушілердің көбісі осындай қысымға төтеп бере алмайды. Нәтижесінде дәрі-дәрмектер нарықтан шығып қалады. Мұнда кері әсер пайда болады, жеткізушілер арасындағы бәсекелестік азаяды, нәтижесінде нарықтағы баға айтарлықтай жоғары болуы мүмкін. Бұл ретте кейбір дәрі-дәрмектер күрделі тіркеу процедурасына байланысты нарықта ұсынылмайды. Нәтижесінде пациенттер зардап шегеді, дәрігерлер мен клиникаларда проблемалар туындайды. Мысалы, көршілес Өзбекстанда Еуропалық Одақ немесе АҚШ-та тіркелген дәрі-дәрмектерді тану процедурасы бойынша жеңілдетілген тіркеу процедурасы жұмыс істейді.

Өндірушілер тіркеу процедураларын жеңілдету және жеделдету, сондай-ақ бағаны белгілеу механизмін икемді ету керек деп санайды. Қазіргі таңда оларды жылына екі-ақ рет – 10 қаңтар мен 10 шілдеде ғана өзгертуге болады. Дәрі-дәрмектерді тезірек тіркеу арқылы бәсекелестікті күшейтуге болады, бұл нарықты қажетті препараттармен қанықтыруға және бағаны табиғи экономикалық әдістермен ұстап тұруға мүмкіндік береді.

- Қазақстанда жалпы денсаулық сақтау және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесі ТМД-дағы озық жүйелердің бірі болып саналады. Сіз бұнымен келісесіз бе?

Қазақстандық модель Орталық Азияның басқа елдерінен ерекшеленеді, себебі ол пациентке бағдарланған – онда мемлекеттік міндеттемелердің едәуір үлкен үлесі бар. Мысалы, көрші елдерде (Қырғызстан, Өзбекстан) ауруханалар мен тегін медициналық көмек жүйесіне арналған дәрі-дәрмектерді мемлекеттік сатып алудың мұндай ауқымы жоқ. Егер бізде нарықтың жартысына жуығы (46%) дәрі-дәрмектерді мемлекеттік сатып алуды қалыптастырса (және бұл бүгінгі таңда ТМД-да көшбасшы деңгей), онда Өзбекстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда бұл 8-10%-дан аспайды. Яғни, олар әлі жолдың басында. Мәселе бұл елдердегі мемлекет дәрі-дәрмек қорларына қанша қаражат жібере алады және тұрғындар дәрі-дәрмектерді сатып ала алатынында: өйткені бұл елдерде де бағалар Қазақстандағы бағамен тең болады (ешкім дәрі-дәрмектерді өзіндік құнынан төмен сатпайды), ал халықтың табысы біршама төмен.

Бірақ мен жоғарыда айтқанымдай, бізде көршілерден үйренетін көп нәрсе бар. Тәжікстанда Үкімет басқа елдердегі тіркеуді мойындайтын дәрі-дәрмек партияларын бір реттік импорттауға рұқсат беру процесі әлдеқайда жылдам және оңай. Бұл ЕАЭО-ның ұзақ келісуін, сынақтарын және тіркелуін күтпей-ақ, нарықты жедел қажетті дәрі-дәрмектермен, оның ішінде параллель импорт арналары арқылы жедел қанықтыруға мүмкіндік береді.

- Сіздің бағалауыңыз бойынша дамыған еуропалық нарықтармен салыстырғанда Қазақстанның фармацевтика нарығы қаншалықты жетілген және дамыған?

Еуропа елдерімен салыстырғанда біз дәрі-дәрмектерді орташа есеппен 30 %-ға аз тұтынамыз. Бұл біз қозғаған бірқатар факторға байланысты – бұл халықтың сатып алу қабілеті де, бәсекелестіктің жеткіліксіздігі де, сондай-ақ реттеудің ерекшеліктеріне байланысты қазақстандықтардың заманауи препараттар көбісіне әзірге қол жеткізе алмауы да. Бұл жерде өсу әлеуеті бар деп айтуға болады. Қазақстанның үлкен артықшылығы денсаулық сақтау жүйесінің әлеуметтік бағдарлануы болып табылады: мемлекет пациенттер үшін көптеген препараттарды сатып алады, оларды сатып алуға субсидия береді. Науқас пен оның емдеуші дәрігерінің кейде таңдау мүмкіндігі де бар. Бұл керемет жағдай. Көптеген елдерде, соның ішінде дамыған елдерде адамдар мұндай қамқорлық туралы тек армандай алады.

Дәрі-дәрмектерді тіркеу, баға белгілеу және импорттау үлгілерін жетілдірудің арқасында біз Қазақстанда пациенттің, мысалы, ТМККК шеңберінде алатын үш-төрт заманауи және тиімді антибиотиктердің арасында таңдау болатын жағдайға келе аламыз. Мұндай модельге төлем жүйесі жақсы сәйкес келеді, мұнда пациент негізгі препаратты ең төмен бағасын тегін ала алатынына кепілдік беріледі, ал егер ол қымбат дәрі-дәрмекті таңдағысы келсе, қосымша ақы төлеуі керек. Тағы бір ықтимал жол – бұл бағдарламаға дәрі-дәрмектерді іріктеу механизмін жетілдіру, мысалы, халық өз бетінше сатып ала алатын ең арзан дәрілерді алып тастау. Оларды сатып алуға бағытталған қаражатты ұтымды пайдалануға болушы еді. Жалпы, қайталап айтсақ, жүйенің әлемдік озық практикалар мен үздік тәжірибелерді бейімдей отырып, дамуға әлеуеті бар.

- Сіздің ойыңызша, алдағы жылы Қазақстанда және өңірде дәрі-дәрмек нарығының дамуының негізгі үрдістері қандай болмақ?

Мемлекет денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру бойынша жұмысты жалғастырады, өйткені телемедицина сияқты құрал, мысалы, дәрігерге пациенттерді көбірек қамтуға мүмкіндік береді, бұл ауруларды ертерек диагностикалау ықтималын арттырады. Екінші жағынан, емдеуді қашықтықтан дәрігерлік қадағалау клиникалық хаттаманы бақылауды және орындауды қамтамасыз етеді, өйткені пациенттер дәрігердің ұсыныстарын әрқашан өз бетінше орындай бермейді.

Денсаулықты сақтандыру саласы одан әрі дамиды. Бұл өте маңызды, өйткені сақтандыру өтемақы жүйесі пациенттерге қаржылық жүктемені жеңілдетуге мүмкіндік береді, демек, көп адамдар сапалы дәрі-дәрмектерге қол жеткізе алады. Сонымен қатар бұл нарықтың дамуына белгілі бір серпін береді, өйткені өндірушіден ауруханаға және сақтандыру компанияларына дейінгі процестің барлық қатысушыларын бір жүйеге біріктіру міндетті түрде өз жемісін береді.

Сондай-ақ біз денсаулық сақтау экожүйесінің қатысушылары ретінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін дамыту жөніндегі реттеушімен бірлескен жұмысты жалғастырамыз. Дәрілік заттарды цифрлық таңбалау жобасы бар, бұл күрделі және кезеңді процесс. Өйткені мемлекеттің міндетті цифрлық таңбалауды енгізу қаупін болдырмау үшін көптеген әртүрлі факторларды ескеру қажет, барлық өндірушілер немесе дәріханалар дайындалып үлгермейді, ал салдарынан пациенттер зардап шегеді.

Жалпы алғанда, перспективалар бар, қызмет саласы ауқымды және адамдардың өмірін жеңілдету, пациенттеріміздің өмір сүру сапасын арттыру үшін көп нәрсені жетілдіруге, жақсартуға болады.