Аймақтар • 12 Қаңтар, 2023

Қызылордада атыс болды

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 қаңтар сағат 1:30-да лаундж-барлардың бірінде Қызылорданың екі тұрғыны арасында жанжал болған. Кикілжің кезінде олардың бірі екіншісіне травматикалық тапаншамен оқ атып, оқиға орнынан бой тасалаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада атыс болды

Жәбірленушіге қалалық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілген.

«Кезекші тәртіп сақшылары күдіктіні, бұрын сотталған 24 жастағы азаматты ұстады. Дәлелдер алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды», деді Қызылорда қаласы ПБ Тергеу бөлімінің бастығы Асылбек Бексейітов.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.