Аймақтар • 19 Қаңтар, 2023

Жалған түбіртек 7,5 млн теңге шығынға батырды

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 қаңтар күні  Қызылорда қалалық полиция басқармасына  ірі сауда үйінің иесі арызданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жалған түбіртек 7,5 млн теңге шығынға батырды

Арыз бойынша тексеру жүргізген полицейлер өткен жылдың қараша айында белгісіз адамның WhatsApp желісі арқылы онлайн түрде сауда үйіне 514 мың теңгеге әйелдерлің сырт киімдеріне тапсырыс беріп, тауарды такси арқылы алғанын анықтайды. Одан кейін де  басқа абоненттік номер арқылы тапсырысты қабылдаушыға бірнеше жалған түбіртек жіберіп, индрайвер арқылы Шымкент қаласына заттарын салдыртып отырған.  

Тапсырысты қабылдаушы  сатып алушы әйелдің аударымы есепшотына түспегендіктен дереу Қызылорда қаласы полиция басқармасына келіп, көмек сұраған.

Аталған оқиға бойынша қылмысты ашу барысында басқарма қызметкерлері Шымкент қаласына барып, күдіктіні ұстады. Отыз төрт жастағы әйел «Фейковые чеки» қосымшасын қолданып, жалған түбіртек арқылы жәбірленушіге 7 миллион 500 мың теңге сомасында залал келтіргенін мойындады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі 4 – тармағымен  (Алаяқтық)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті  Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.