Білім • 23 Қаңтар, 2023

Өңірлерде білім беру сапасын арттыру мәселелері талқыланды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар және Ұлытау облыстарының әкімдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірлерде білім беру сапасын арттыру мәселелері талқыланды

Кездесу барысында өңірлерде білім беру сапасын арттыру, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар Оқу ағарту министрі мен бірқатар өңірлердің әкімдері Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Жайлы мектеп» жобасы аясында жаңа мектептердің салынуы туралы ортақ ойларымен бөлісті.

Сондай-ақ тараптар оқушы орындарының тапшылығын, үшауысымды және апатты мектептерді жою үшін білім беру объектілерін уақытылы қолданысқа беру маңыздылығын атап өтті.

Кездесу нәтижесі бойынша оқу-ағарту министрлігі әр аймақта білім беруді дамытудың бірлескен арнайы өңірлік бағдарламасын қабылдайды.

 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ