Қоғам • 02 Ақпан, 2023

Алматыда DIGITAL ALMATY 2023 форумы басталды

622 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жыл сайынғы Digital Almaty халықаралық форумы – бұл бизнес өкілдерінің, халықаралық сарапшылардың, IT-қоғамдастықтың, мемлекеттік органдар мен БАҚ-тың қатысуымен өтетін Алматыдағы ең ірі Tech-іс-шара. Осымен бесінші рет өтіп жатқан форум «Жаңа шындықтағы цифрлық серіктестік» деген тақырыппен өтіп жатыр. Жалпы панельдік сессия 20 тақырыптан тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда DIGITAL ALMATY 2023 форумы басталды

Жиынды ашқан  Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бүгін  Алматыда цифрлық технологияның жаңа мүмкіндіктерін талқылайтынын айтты.

«Алатаудың баурайындағы әсем қала Алматыда «Digital Almaty» бесінші, мерейтойлық цифрлық форумында көріп отырғаныма қуаныштымын. Биылғы форум – «жаңа болмыстағы цифрлық серіктестік» атауымен өткізіліп отыр. Біз Алматыда осымен бесінші рет цифрлық саладағы жаңашылдықтарды талқылап, үздік жетістіктер туралы айтатын боламыз», деп атап өтті министр.

Алматы – еліміздің IT индустрияның астанасы. Еліміздегі IT компаниялардың басым бөлігі осында орналасқан. Қуантарлығы, ақпараттық технологиялар саласының дамуына қолайлы инфрақұрылым қалыптасқан. Министр айтып  өткендей, біз Алматының  әлеуетін үздік IT мамандарды жинайтын өңірлік хаб құруға мүдделіміз. Себебі  цифрлық сала – көзді ашып-жұмғанша өзгеріп жатыр.

«Бүгінгі форум заман талабына сай қарқынды дамып келе жатқан IT сала өкілдерінің басын қосып, олардың «сағат тілдерін» теңестіретін игі дәстүрге айналды. «Бүгін біз нарықтағы ағымдағы жағдай туралы, болашақ туралы, жоспарлар туралы айтатын боламыз. Сондықтан біз тек экономикалық секторларды немесе жалпы процестерді ғана емес цифрлық трансформациялау бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз, біз азаматтың өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде бизнес-процестерді реинжиниринг жасаудың маңыздылығын түсіндік және қазір онымен жұмыс істеп жатырмыз», деп атап өтті министр. 

Digital Almaty қазірдің өзінде бизнес өкілдері, халықаралық сарапшылар және IT қауымдастығы бас қосатын бірегей алаңға айналды.

Қазақстандық IT-нарығында қазірдің өзінде 10 мыңнан астам IT-компаниялар бар, оның 150 мыңы осы салада жұмыс істейді. Сонымен қатар 1000-нан астам компания қазірдің өзінде Astana Hub технологиялық экожүйесінің бір бөлігі болып табылады.

Біз саланы преференциялар түріндегі институционалдық қолдауды, білікті IT мамандарын даярлау бағдарламаларын іске асыруды, саланы дамытудың драйверлері болып табылатын жеделдету бағдарламаларын және т.б. қамтамасыз етеміз. Стартаптар өз идеяларын көрсетуге және инвесторларды табуға мүмкіндік алады. Форум аясында көптеген қызықты сессиялар мен көрмелер жоспарланған: халықаралық технопарктердің, ірі IT-компаниялардың, бағдарламалау мектептерінің көрмесі, сала басшылары мен жетекші сарапшыларының қатысуымен панельдік сессиялар мен дөңгелек үстелдер өтеді.

Сондай-ақ «Цифрлық Алматы» марапаттары да табыс етіледі. Сыйлық ең жақсы IT шешімдерді анықтауға және оларды одан әрі дамытуға бағытталған.