Ұлттық кітапханада «Жас қалам», «Әдебиет әлемі» бірлестігінің жетекшісі Мұратхан Шоқанның бастамасымен «Жүз өлең» жобасы бойынша Өзбекстанда өзбек тілінде жарық көрген Қазақстанның 20 жас ақынының өлеңі енген «Юз шеьр» кітабының тұсауы кесілді.

Іс-шараға Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикром Ниязходжаев, бас консулы Аброр Фатхуллаев, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, меценат Ұзақбай Айтжан, Алматы қаласы Мәдениет басқармасынан Арман Қалыбеков, Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Абай Арап, Наурызбай аудандық білім бөлімінің басшысы Салтанат Құсайынова, №187 балабақшаның меңгерушісі Фарида Омарбекова, зиялы қауым мен кітапханашылар қатысты.
Тұсаукесер барысында өлеңдері өзбек тіліне аударылған Жангелді Немеребай, Арайлым Мұраталиева мен Ұлан Ысқақ жыр оқыды. Кешке келген қонақтар қазақ және өзбек әдебиеті өкілдерінің бір-бірімен қарым-қатынасына куә болып, екі бауырлас елдің достығының тереңдей түсуіне тілеулестігін жеткізді. Өзбекстанның елшісі Саидикром Ниязходжаев екі ел байланысына бұрыннан ақын-жазушылардың үлесінің зор екенін, бұл үрдістің жастар арасында жалғасын тауып жатқаны қолдайтынын, ақын-жазушыларға құрмет – халыққа құрмет екенін тілге тиек етті.
Кітапхана директоры Бақытжамал Оспанова қонақтарға құрмет көрсетіп, кітап тарту етті. Ақын Мұратхан Шоқанды кітапхананың «110 жылдығы» медалімен марапаттады. Ізін ала Мұратхан Шоқан сөз сөйлеп, «Юз шеьр» кітабын шығарған Өзбекстан Жазушылар одағының төрағасы, халық шайыры Сирожиддин Сайидқа, ақын Надыр Жанұзаққа, Фахриддин Хиятқа алғыс білдірді. Алатау баурайындағы кітапханада өткен тұсаукесер халықтың ақындарға көрсеткен зор құрмет-ықыласының көрінісі.
Александр Бублик Майами мастерс турнирінде жеңіліп қалды
Спорт • Бүгін, 12:12
Үндістанда пиротехника фабрикасындағы жарылыстан 8 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 12:02
Бүгін елордада Қазақстан – Словения матчы өтеді
Спорт • Бүгін, 11:22
Банкноттарын заңсыз айырбастаған әйел Қазақстанға экстрадицияланды
Қоғам • Бүгін, 11:17
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:56
Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Оразаның басталуымен құттықтады
Қоғам • Бүгін, 10:40
Ұқсас жаңалықтар