Кеше Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Жиын барысында бірқатар заң жобасы қабылданып, депутаттар сауалдарын жолдады.

Күн тәртібінде алдымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 5-тармағына сәйкес Парламент Сенатының депутаты Кәрімова Гүлмира Раинбекқызының өкілеттігін тоқтату туралы Орталық сайлау комиссиясының ұсынымы қаралды.
Мәулен Әшімбаев жеке өзінің және Сенаттың атынан Гүлмира Раинбекқызының отбасы мен жақындарына тағы да көңіл айтып, оның Солтүстік Қазақстан облысының дамуына және ұлттық білім беру жүйесін жетілдіруге үлкен үлес қосқанын атап өтті.
Отырыс барысында сенаторлар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарап, мақұлдады.
Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, аталған хаттама Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктерінің қызметіне қатысты мәселелерді шешуге бағытталған. Осы заң арқылы халықаралық шарт деңгейінде бірлескен бақылау іс-шараларын өткізу тәртібін, кезеңдері мен мерзімдерін, анықталған бұзушылықтарды жою тетігін және тексеруге қатысушылардың өзара іс-қимылының ұйымдастырушылық мәселелерін бекіту ұсынылады.
Палата отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды да қарап, қабылдады. Бұл құжат еңбек дауларын реттеу және келіссөздер процестерін ұйымдастыру мәселелері бойынша елдің заңнамасын жетілдіру үшін әзірленді. Жаңа түзетулер келісім комиссиясының қызметіне, ұжымдық еңбек дауларын шешудегі кәсіподақтардың рөлін нақтылауға, жиналыстар немесе ескерту ереуілдері өткізілуі мүмкін жағдайларға және басқа да тиісті жайттарға қатысты мәселелерді қамтиды.
«Мемлекет басшысы еңбек дауларына қатысты құқықтық қатынастарды қосымша реттеу мәселесін бірнеше рет көтерген болатын. Соған сәйкес әзірленген бұл заң осы саладағы отандық заңнаманы жетілдіруді көздейді. Жалпы, дауларды реттеудің баламалы тәсілдерін қолдану – құқықтық саясатты дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Осы заң арқылы жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібі қайта қаралады. Сондай-ақ келісу және татуластыру комиссиясының мәртебесі күшейе түседі. Алдағы уақытта жаңа нормалар жұмысшылардың құқықтарын қосымша қорғауға және еңбек дауларын азайтуға ықпал етеді деп сенеміз», деді Сенат төрағасы.
Сонымен қатар отырыс кезінде сенаторлар өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады. Нұртөре Жүсіп «цифрлық аутизмнің» таралуына алаңдаушылық білдірді. Депутат аталған проблеманы шешуге арналған шаралар кешенін, оның ішінде жаппай ретинопатия мен жаңа туған нәрестелердің аудиологиялық скринингін жүргізуді ұсынды.
Сенатор қазіргі таңда бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да «цифрлық аутизм» белгілері байқала бастағанын атап өтті. Балалар смартфонды ұзақ ұстауы салдарынан есте сақтау, көру және сөйлеу қабілетінен айырылып жатыр. Олардың өз бетінше ойлауы, ұзақ мәтіндерді қабылдауы, айналаға назар аударуы қиынға соғып отыр.
«Жеті атасын жатқа білетін ұрпақ орнына жеті ауыз сөзді әзер айтатын толқын пайда болды. Скринэйджер, зуммер, немесе Z-ұрпақ – өз өмірін электронды құрылғысыз елесетете алмайтын жаңа буын. Қазіргі таңда логоневроз ауруы мен Турет синдромы күшейе бастады. Тұтас ұлт пен ұрпақ үлкен қауіп алдында тұр. Ата-аналардың 65 пайызы балаларына 3-5 жастан гаджет ұстатады. Бір сөзбен айтқанда, қолына «смартфон ұстап туған» буын өмірге келді», деді депутат.
Сенатор гаджетизация мен заманауи технологияға қарсы тұру да дұрыс емес екенін айтты. Депутат осыған байланысты мектептер мен балабақшалардағы ата-аналар комитеттеріне, сондай-ақ салалық үкіметтік емес ұйымдарға киберманияның зияны туралы белсенді түрде айтып беруін ұсынды. Сенатор сонымен қатар өскелең ұрпақтың денсаулығына бақылау жүргіузуге тікелей байланысты ұсыныстарын да ортаға салды.
«Үкіметке жаңа туған нәрестелерді жаппай ретинопатия және аудиологиялық скринингтен өткізудің сапасына мән беруді, Алматы қаласындағы А.Островский атындағы зағип және көзі нашар көретін балаларға арналған №4 мектеп-интернатқа қосымша ғимарат салуды ұсынамыз. Сонымен қатар логопед және офтальмолог мамандықтарына бөлінетін мемлекеттік грант санын көбейткен маңызды», деді Нұртөре Жүсіп.
Сенатор Ольга Булавкина еліміздің Премьер-министріне жолдаған депутаттық сауалында Өскемен қаласы тұрғындарының денсаулығына өңірдегі ауа сапасы нақты қауіп төндіріп тұрғанын айтты. Депутаттың айтуынша, атмосфераға жалпы шығарындылар жылына 158 мың тоннаны құрайды. Өткен жылы тіркелген деректер бойынша 42 жағдайда ауада ластаушы заттар шекті нормадан асып кеткен.
«Шығыс Қазақстан облысының Экология департаментінің мәліметі бойынша кей жерлерде азот диоксиді 2 есеге, күкіртсутегі 3,8-ден 9,8 есеге өсіп кеткен болатын. Бұл заттар құрамының жоғары болуының әсері асфиксияға, ал газ бен бумен демалудың салдары өкпе ісігі ауруына, сонымен қатар топырақтың қышқылдануына, жануарлардың улануына, өсімдіктердің өліміне, экожүйенің тепе-теңдігінің бұзылуына әкелуі мүмкін», деді Ольга Булавкина.
Сенатор Өскемен ЖЭО және Согра ЖЭО кәсіпорындарының шығарындылары ең үлкен үлесті құрайтынын атап өтті. Олардың үлесі жылына 45 мың тонна болып табылады. Сондай-ақ қоршаған ортаның ластануының үлкен проблемасы – автомобиль көлігінің пайдаланылған газдары болып қала беретінін атап өткен жөн.
Сенатор Бекболат Орынбеков еліміздің Премьер-министрі мен Бас прокурорына жолдаған депутаттық сауалында банкротқа ұшыраған «Қаратау» АҚ кәсіпорнының қызметкерлері заңға сәйкес тиісті төлемдерін 20 жылдан астам уақыт бойы ала алмай жатқаны туралы айтып берді.
Депутат кәсіпорынның Жамбыл облыстық сотының шешімімен 20 жыл бұрын банкрот деп танылғанын атап өтті. Алайда тау-кен өндірісінің бұрынғы қызметкерлерін тиісті төлемдермен қамтамасыз ету мәселесі әлі де шешілмеген. Бекболат Орынбековтің айтуынша, бұл мәселе салалық мемлекеттік органдарда, оның ішінде арнайы құрылған үкіметтік комиссия отырысында және сот органдарында бірнеше рет қаралған.
«Жүргізілген индекстеу есептері әрбір кредиторға 3 443 теңгеден бастап 58 171 теңгеге дейін құрады. Бірақ регресшілер бұған қарсы. Келіспеушіліктің негіздемесі ретінде кредиторлар көрсетілген кезеңде ең төменгі жалақы мөлшерімен қоса, азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да күнделікті тұтынатын тауар бағасының өсуі деген дәлелдер келтіреді. Осыған байланысты аталған жағдайды жан-жақты талқылап, мәселенің заңды шешімін табуға ықпал етулеріңізді сұраймын», деді Бекболат Орынбеков.
Андрей Лукин мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын, соның ішінде инватакси тапшылығын сынға алды. Соған байланысты депутат қызмет көрсетудің тиісті ережелерін қайта қарауды ұсынды. Ғалиасқар Сарыбаев «Алтынемел» ұлттық паркіндегі флора мен фаунаның проблемалық жай-күйін тілге тиек етті. Сондай-ақ сенатор аталған табиғи парк пен Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи қорығының аумақтары арасындағы мәселелерді реттеу қажеттігіне де назар аударды.
Сенатор Ақмарал Әлназарова елімізге сапасыз дәрілік заттардың келіп жатқаны туралы Премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдады. Депутаттың айтуынша, Өзбекстандағы дәрі-дәрмектерді қолдану салдарынан 19 баланың қайтыс болуына байланысты қайғылы жағдай елімізге әкелінетін дәрі-дәрмектердің қаупін мұқият қадағалау қажеттігін дәлелдеп отыр. Ақмарал Әлназарова Қазақстанда тіркелмеген дәрі-дәрмектерді әкелуге бір реттік рұқсат беру осындай қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Қазіргі уақытта нарықта отандық және шетелдік өндірушілердің тіркелген өнімдері болған жағдайда да бір реттік импорт кеңінен қолданылып келеді.
«Мұндай тәжірибе ресми түрде әкелінетін тіркелген препараттарды жеткізушілерді де елеулі қатерге ұшыратып отыр. Бұл жалпы отандық фармацевтика саласының инвестициялық тартымдылығына нұқсан келтіреді. Мұндай қос стандарттар адал өндірушілердің сапалы препараттарын нарықтан ығыстырып шығаруына әкеліп соғады», деді Ақмарал Әлназарова.
Сенатор сонымен қатар қолданыстағы дәрі-дәрмектер бағасын реттеу ісінің нашарлығы мен сол жүйенің күңгірттігі туралы проблемаларды да атап өтті. Барлық дәрі-дәрмектің белгіленген шекті бағасы болуы керек. Алайда қажетті тіркеу құжаттарының болмауына байланысты біржолғы препараттарға шекті бағалар белгіленбей келеді.
«Халықтың сапалы, қауіпсіз және тиімді дәрілік заттарға қолжетімділігін жақсарту және ішкі нарықты толық қамтамасыз ету мақсатында дәрілік заттар айналымын реттеу жүйесінің тәсілдерін қайта қарау керек. Фармацевтикалық өнімнің жаңа түрлеріне жедел қол жеткізе алатын және дәрілік заттардың бағасын реттеудің ашықтығын қамтамасыз ететін тіркеу рәсімдерін оңтайландыру қажет. Мемлекет елімізде ұдайы жетіспейтін немесе табылмайтын бірқатар препараттың өндірісін жолға қою үшін инвестиция беріп қолдау жасауды, сондай-ақ осындай позицияларды тіркеуді бақылау мен шығындарын өз мойнына алуға тиіс», деді Ақмарал Әлназарова.
Ауыл • Кеше
Тұрмысты жеңілдеткен жаңа технологиялар
Технология • Кеше
Қоғам • Кеше
Пікір • Кеше
Мереке • Кеше
Мәселе • Кеше
EURO-2024: Словения мен Данияны жеңе аламыз ба?
Футбол • Кеше
Шахмат • Кеше
Бокс • Кеше
Футбол • Кеше
Спорт • Кеше
Қысқы спорт • Кеше
Дәстүр • Кеше
Өнер • Кеше
Қоғам • Кеше
Сайлау: Алғашқы Еxit poll нәтижесі белгілі болды
Сайлау • Кеше
Түркиядағы сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды
Әлем • 19 Наурыз, 2023
Сайлау күні 609 сәби дүниеге келді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Сайлау-2023: Дауыс берушілердің соңғы мәліметтері жарияланды
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Бокс: Карина Ибрагимова 1/8 финалға жолдама алды
Бокс • 19 Наурыз, 2023
Франциялық бақылаушылар Алматыдағы сайлау барысының ашықтығын атап өтті
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Еліміздің басым бөлігінде дауыс беру аяқталды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Қытайдағы сайлау учаскелері өз жұмысын аяқтады
Әлем • 19 Наурыз, 2023
ОСК: Халықтың 54,09 пайызы сайлауда таңдауын жасады
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Халықаралық сарапшы алматылықтардың жауапкершілігін ерекше атап өтті
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Шетелде 5 мыңға жуық отандасымыз дауыс берді
Саясат • 19 Наурыз, 2023
Ресей бақылаушылары Алматыдағы дауыс беру барысына оң баға берді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Қостанайдағы 6 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды
Аймақтар • 19 Наурыз, 2023
ОСК кешкі уақыттағы сайлау қарқынын баяндады
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Канадада жасөспірім екі полицейді атып өлтірді
Әлем • 19 Наурыз, 2023
Қонаевта ретрокөліктер шеруі ұйымдастырылды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Елорда мен Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 19 Наурыз, 2023
Астанада әскери қызметші мұз астына құлап кеткен баланы құтқарды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім?
Спорт • 19 Наурыз, 2023
Сайлау комиссияларының бірнеше мүшесі процестен шеттетілді
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Алматының көлік жүргізушілеріне ескерту жасалды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
6 миллионнан астам адам дауыс беріп үлгерді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Пәкістанда су тасқынынан 10 адам қайтыс болды
Әлем • 19 Наурыз, 2023
Теміржолшылар әулеті дәстүр бойынша сайлауға келді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Павлодарда 103 жастағы кейуана дауыс берді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Ұқсас жаңалықтар