Мектеп • 07 Ақпан, 2023

Жаңа автобустармен толықты

377 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының мектептері Қарағанды облысындағы кәсіпорында құрастырылған Yutong және Golden Dragon маркалы жайлы санаттағы 23 жаңа автобуспен толықты.

Жаңа автобустармен толықты

Лизингпен алынған әдемі дизайндағы автобустардың 13-і Ақтөбе қаласындағы мектептерге, 10-ы Ырғыз, Шалқар, Мәр­төк аудандарындағы білім ошақтарына берілді. Сондай-ақ наурыз айында Ақтөбеге тағы да су жаңа 9 автобус ке­леді деп жоспарланып отыр. 4,5 мыңнан астам мектеп оқу­шысын қауіпсіз тасымал­дау үшін барлық қажетті құ­рал­­мен жабдықталған кө­лік­тердің іші кең, кейбірі 40 орын­дық, кей­бірі 20 орындық ав­то­бус­тар.

Облыс мектептерінің ав­топарктерін жаңарту бір­не­ше жылдан бері көтеріліп жүр­ген мәселе еді. Әсіресе қала сыр­­тында тұратын мектеп оқу­­шыларын тасымалдау, ауыл балаларын облыс ор­та­­лығында өтетін жарыстарға апарып-әкелуге келгенде түрлі қиындық болды. Бүгінде өз көліктері жоқ мектептер автобустарды жалға алып отыр.

570 оқушысы бар Мәртөк ауданы орталығындағы гим­назияға жақын елді ме­кен­дер­ден балалар келіп оқиды. Алыста тұратын балаларды сабаққа жеткізіп жүрген автобус өте ескі, жүруінен тұруы көп болғандықтан, әсіресе қыс мезгілінде балалардың са­бақ­қа кешікпей келуі мектеп бас­­шылығының бас ауруына айналған.

Жаңа үлгідегі 40 орындық тағы бір жайлы көлік Ырғыз гим­­назиясына берілді. Осы гим­назияның 500-ден астам оқу­­шысы бар, жанында интерна­ты орналасқан. Ендігі жерде гим­­назия интернатында жатып оқи­тын алыс ауылдардың ба­лала­рын кани­кул басталғанда үй­­ле­ріне те­гін жеткізіп салып, са­бақ бас­таларда алып кете­тін болады. Айта кету керек, Ақ­­төбе облы­сында былтыр қыр­­­­күйек айында он мектеп ав­­­то­бусы пай­далануға бе­рілді. Алай­­­да об­лыстағы 408 мектеп­тің бә­­рін автобуспен қамта­ма­сыз ету әзірге мүмкін болмай отыр.

 

Ақтөбе облысы 

Соңғы жаңалықтар