Қоғам • 20 Ақпан, 2023

Қазақстанда темекіге тәуелді адамдардың саны аталды

530 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі темекіге тәуелді азаматтар санын атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда темекіге тәуелді адамдардың саны аталды

«Ересек халықтың 21,5 пайызы, яғни 2,8 миллион адам, оның ішінде ерлердің 38,3 пайызы және әйелдердің 6,4 пайызы қазіргі уақытта темекі шегеді», деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы шылым шегу статистикасы да тілге тиек етілді.

«Ұлдар арасында бұл көрсеткіш 10 пайызға жетсе, қыздардың 6 пайызы темекі шегетіні анықталды. Сондай-ақ электронды темекіні пайдаланатын жасөспірімдердің үлесі айтарлықтай артты. Оларды көбінесе 13-15 жас аралығындағы жасөспірімдер шегеді», делінген хабарламада.