Сайлау • 27 Ақпан, 2023

Дайындық барысы пысықталды

329 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу шеңберінде Маңғыстау облысына инспекциялық сапармен барды. Аймаққа сапарға комиссия мүшесі Шавқат Өтемісов пен Ортсайлауком аппаратының қызметкерлері де қатысты.

Дайындық барысы пысықталды

Іс-шара аясында жергілікті атқарушы органдар, облыстық прокуратура өкіл­дері, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, кандидаттардың сайлауалды штабтары өкілдері ЕҚЫҰ ДИАҚБ сайлауды байқау жөніндегі ұзақмерзімді миссиясының мүшелері Симоне Брокки мен Адам Древновский, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.

Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен өткен кеңесте уәкілетті мемлекеттік органдар мен облыстық аумақтық сайлау комиссиясы өңірде сайлаушылар тізімдері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, сайлауды ұйымдас­тыру­шылық, материалдық-техникалық қам­тамасыз ету, мүгедектігі бар азаматтар үшін сайлау учаскелерінің физикалық қолжетімділігі үшін қажетті жағдайлар жасау, сайлау бюллетеньдерін учаскелер­ге уақтылы жеткізу және басқа да мәсе­лелер туралы баяндады.

Облыс әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев облыста барлығы 247 сайлау учаскесі бар екенін, оның ішінде 4 жаңадан құрылған, 52 шекарасы өзгергенін хабарлады. Барлық сайлау округі мен учаскесі мате­риал­дық-техникалық жағынан қамта­ма­сыз етілген. Сайлау комиссиялары мүше­лері­нің 81,2% сайлау өткізу тәжірибесі бар. Соны­мен қатар Президент жанындағы Мем­ле­кет­тік басқару академиясының өңірлік фи­лиалының базасында сайлау комис­сия­ларының 650 қызметкерін оқыту жоспарланған.

Сайлаушылардың белсенділігін арттыру мақсатында облыстың қалалары мен аудандарында 100 ақпараттық билборд, 3 LED-экран және 6 лайтбокс пай­да­ланылады. Сонымен қатар облыс­та халықты ақпараттандыру үшін екі тіл­де мотивациялық және ақпараттық бей­не, аудио-роликтер көрсетілімі ұйым­дасты­рылды. Сондай-ақ әлеуметтік желі­лерде белсенді ақпараттық жұмыс жүргізіліп, барлық жерде Call-орталықтар жұмыс істейді. Онлайн-сервис және жеделхат-бот іске қосылды, онда тұрғындар сайлаушылар тізімінде өздерін тексере алады.

Сондай-ақ кеңесте атқарылған жұмыс­тар туралы облсайлауком төр­ағасы Елубай Әбілов баяндап, облыста 8 аумақ­тық, 121 аудандық және 247 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейтінін хабарлады. Барлығы 2291 комиссия мүшесі жұмылдырылды. Облыста сайлаушылар саны 418 330 адамды құрады.

Облыс бойынша сайлау округтері­нің тізімі, олардың шекаралары мен орна­ласқан жерлері, сайлау учаске­лерінің шекаралары және сайлау комис­сия­ларының құрамы туралы мәліметтер облыстық газеттерде жарияланды, тиісті сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында орналастырылды.

Аудандар мен қалалардың әкімдік­тері­мен бірлесіп үгіттік баспа материал­дарын орналастыру үшін 122 орын белгі­ленді, олардың барлығы стендтермен және қалқандармен жабдықталған. Сон­дай-ақ кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерін өткізу үшін 57 үй-жай дайындалды. Сондай-ақ Елубай Әбілов 26 ақпанда әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізімі учаскелік сайлау комиссияларына берілетінін хабарлады.

Кеңес барысында Нұрлан Әбдіров әкім­дік пен аумақтық сайлау комис­сиясы­ның қызметкерлеріне үгіт мате­риалдарын орналастыру үшін орындардың резервтік санын қамтамасыз етуді тапсырды және кандидаттарға үгіт жұмысы үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің маңыз­дылығын атап өтті.

Сондай-ақ жұмыспен қамтуды үй­лестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жайсангүл Досполова өңірде сайлауға қатысатын мүгедектігі бар 20 579 азамат тіркелгенін атап өтті. Ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың саны 4 бағыт бойынша 7 174 адамды құрайды. Оның айтуынша, 247 сайлау учаскесі 190 ғимаратта орналасқан. Сайлау күні 15 «Инватакси» және 13 ым тілі мамандары жұмыс істейтін болады.

Жиында Нұрлан Әбдіров мүгедектігі бар барлық адам үшін дауыс беру мүмкіндігі мен шарттарын қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті. Қажет болса, оларды ақпараттандыруға жеке қарау керек. Сондай-ақ егер жекелеген сайлаушылар денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскесіне келе алмаса, учаскелік сайлау комиссиясы жазбаша өтініш бойынша осы сайлаушылардың орналасқан жері бойынша дауыс беруді ұйымдастыруы тиіс екенін атап өтті. Мүгедектігі бар адамдарға да осы құқық туралы хабарлау қажет.

Сондай-ақ семинар-кеңес аясында облыс прокуроры Руфат Құттықов сайлау үдерісіне қатысушылардың барлығы­ның заңнаманы сақтауын қадағалауды жүзеге асыру туралы хабардар етті.

Полиция департаментінің өкіліне жолдаған сөзінде Ортсайлауком басшысы сайлау науқаны кезінде құқықтық тәртіп пен заңдылықты сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Комиссия төрағасы дауыс беру күні полиция қызметкерлері сайлау учаскелерінде себепсіз болмауға тиіс екенін ескертті.

Семинар аясында Ортсайлауком басшысы ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ның сайлауды байқау жөніндегі ұзақмерзімді миссия­сының өкілдері Симоне Брокки (Италия) және Адам Дрновскиймен (Чехия Респуб­лика­сы) кездесіп, конституциялық рефор­ма мен заңнаманың өзгеруіне байла­ныс­­ты ағымдағы науқанның ерекше­лік­терін тал­қылады. Ол Парламент сайлауына әзір­лік пен оны өткізу барысында халық­ара­лық байқаудың маңыздылығын атап өтті.

Семинар-кеңестің соңында ОСК төрағасы сайлау комиссиялары Парла­мент Мәжілісі және мәслихаттар депутат­тарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі барлық негізгі іс-шараны бақылауда ұстауы және ел үшін маңызды және жауапты осы науқанды заңға қатаң сәйкес жүргізуге дайын болуы тиіс екенін атап өтті. Семинар аясында аумақтық сайлау комиссиялары үшін іскерлік ойын түрінде үш оқыту тренингі өткізілді.

Іскерлік ойыннан кейін Нұрлан Мәжит­­ұлы Ақтау қаласы мен облыстың Түп­қа­раған ауданындағы 6 округтік сай­лау комиссиясына барды. Округтік сай­лау комиссияларында ол ағымдағы нау­қан аясында кандидаттарды ұсыну және тір­кеу кезеңдерінде туындаған проб­лема­лық мәселелерге қызығушылық танытты.

Комиссия мүшелерімен кездесу барысында ОСК төрағасы еліміздің сайлау заңнамасы айтарлықтай жаңарғанын, сондықтан комиссия мүшелерін сапалы, толыққанды және үздіксіз оқыту қажеттілігі туындағанын ерекше атап өтті. Ол сайлаушылардың сайлауалды бағдарламаларын орындамауына байланысты депутаттың мандатын қайтарып алу құқығына ие болуына дайын болуға шақырды. Бұл жағдайда заңға сәйкес жаңа сайлау тағайындалады.

Инспекциялық сапар барысында мүге­дек­тігі бар адамдардың сайлау құқық­­тарын қамтамасыз етуге, оларды қол­даудың әртүрлі нысандарының – компью­термен, аудио және бейне контент­пен, құлаққаптармен, қосымша жарықтан­дырумен, ұлғайтқыштармен жабдықталған дауыс беруге арналған үй-жайда бұрыштардың болуына ерекше назар аударылды.

Ол сондай-ақ сайлау науқаны, ең алдымен, елдің өкілді органдарына алдағы сайлаудың ашықтығын қамтамасыз етуге тиіс сайлау комиссияларының бар­лық мүшесінен жоғары кәсібилік пен жауап­кершілікті талап ететінін атап өтті.

Өткізілген кездесулер қорытын­дысы бойынша Нұрлан Әбдіров аумақтық және округтік сайлау комиссияларының төрағаларына бірқатар тапсырма берді.

 

Маңғыстау облысы