Қоғам • 14 Наурыз, 2023

Әуежайда неге кейбір жолаушылардың ғана аяқ киімін шешкізіп тексереді?

770 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қауіпсіздік қағидаларына сәйкес, рейс жолаушылары жалпы санының кемінде 10 пайызы мұқият тексерілуі қажет, деп хабарлайды Egemen.kz

Әуежайда неге кейбір жолаушылардың ғана аяқ киімін шешкізіп тексереді?

Астана әуежайының әуе қауіпсіздігі қызметінің тексеру бөлімшесі басшысының орынбасары Абылай Саргозов неліктен әуежайдағы тексеріс кезінде кей жолаушыдан аяқ киімін шешуді талап ететінін түсіндірді. Әуежай өкілінің айтуынша, бұл – қасақана жасалатын рәсім емес, керісінше жолаушылардың қауіпсіздігі үшін қарастырылған шара.

Қазақстан әуе қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес, рейс жолаушылары жалпы санының кемінде 10 пайызы мұқият тексерілуі тиіс. Бұлай іріктеп және кездейсоқ тексеру рәсімдері ICAO халықаралық қауіпсіздік стандарттарында да қарастырылған.

«Әлемдегі барлық әуежай жолаушылардың 10 пайызын автоматты және кездейсоқ түрде анықтайтын рандомайзер функциясы бар доғал металл детекторларымен жабдықталған. Мәселен, Астана әуежайында рандомайзерлер 2015 жылдан бері қолданылып келеді. Егер тексеру кезінде құрылғы белгі берсе, жолаушы рентген-теледидар қондырғысы арқылы жеке тексеру үшін аяқ киімін шешіп (құрамында металл заттар болмаса да), тексеруден өтуі керек. Сонымен қатар тексеру қызметкерлері бұл жолаушының қол жүгін мұқият тексеруге міндетті», деді әуе қауіпсіздігі қызметінің тексеру бөлімшесі басшысының орынбасары Абылай Саргозов.