Президент • 19 Наурыз, 2023

Президент Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс берді

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс берді

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин және Премьер-министр Әлихан Смайылов Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берген еді. 

ҚР Конституциясына сәйкес, Парламент Мәжілісі аралас сайлау жүйесі бойынша Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 98 депутаттан тұрады. Бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі аумағы бойынша, яғни партиялық тізім бойынша Мәжілістің 69 депутаты, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша – 29 депутат сайланады.

19 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және 19 наурыз күні Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған еді. Бұл күні Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау ұсынылды.

 

л