Пікір • 20 Наурыз, 2023

Білімді де білікті азаматтар қажет

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сайлау – елді жаңғырту жолындағы бастамалардың бірі. Ал сайланушылар зия­лы тұлға, білікті заңгер, білімді азамат болуға тиіс. Сайлау науқанында дауыс беруімнің мақсаты – Мәжіліске және жергілікті мәслихаттарға халыққа жаны ашитын білімді тұлғаларды таңдау.

Білімді де білікті  азаматтар қажет

Елімізді жаңарту, Әділетті Қазақстан құру, әділ қоғам орнату – оңай шаруа емес. Оның бір басы әрине, заңдарға келіп тіреледі. Сондықтан Парламентте отыратын ертеңгі заң қабылдаушы тұлғалар жан-жақты білімді, зиялы және еліне, жеріне, халқына жаны ашитын адам болуы керек. Біз сайлауда Парламентке дәл осындай тұлғаларды, елдің мұң-мұқтажын көре білетін, айта білетін және заң жүзінде іске асыра алатын адамдарды таңдау үшін өз даусымызды бердік. Сайлау учаскесіне келгендегі ойым осындай болды.

 

Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ,

Жазушылар одағының төрағасы

 

Соңғы жаңалықтар

«Delta» тобы әшкереленді

Жемқорлық • Бүгін, 10:10

Елордаға LRT вагондары келді

Елорда • Бүгін, 10:05

Терісаққандағы тіршілік

Ауыл • Бүгін, 10:00

Қатыгез баланы не түзейді?

Мәселе • Бүгін, 09:55

Гранд-финалға жолдама

Білім • Бүгін, 09:50