Қазір Мемлекет басшысы, барлық деңгейдегі әкімдер мұндай өкілеттіктен босатылғандықтан барлық партияның мүмкіндіктері бірдей дегім келеді. Партиялар ғана емес, бірмандатты округ бойынша шығып жатқан үміткерлердің арасында да бәсеке жоғары. Үміткерлердің бағдарламалары, ойларын ашық білдіруі, оған қоғамның пікір білдіруі саяси коммуникацияның қалыптасқанын білдіреді.
Бір аңғарғаным, дауыс беруге ағылған халықтың белсенділігі жоғары. Бұл – азаматтық қоғамның көрінісі. Сайлаушылар отбасыларымен бірге келіп дауыс беріп жатыр. Сайлаушылардың да құқықтық жауапкершілігі жоғарылаған. Егер өздері сеніп дауыс берген кандидат үмітті ақтамаса, сайлаушылар қол жинау арқылы депутатты кері қайтарып ала алады. Бұл да саяси жаңалықтың, өзгерістердің белгісі. 2019 жылдан бері жүріп жатқан реформалар қоғамда құқықтық жауаптылықты арттырғанын, жауапкершіліктің жетілгенін білдіреді.
Қуаныш АЙТАХАНОВ,
мемлекет және қоғам қайраткері