Ауа райы • 20 Наурыз, 2023

Наурыз мейрамында ауа райы қандай болады?

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 21-24 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Наурыз мейрамында ауа райы қандай болады?

Болжам бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болады, күн ашық және бірқалыпты жылы болады деп күтіледі. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, төмен атмосфералық қысым аймағында бұлтты ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

«Республикада тұман, оңтүстік-батыста құмды дауыл, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді. Температуралық фонға келетін болсақ, жылдың осы мезгіліне қолайлы болады», делінген хабарламада.