Қоғам • 06 Сәуір, 2023

«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаңтар оқиғасына  байланысты күдікке ілінген Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 7 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 6 сәуірдегі хабарламасы бойынша, сот қаулысымен тергеу органының өтініші қанағаттандырылды. А.Жұмагелдиевке қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамау мерзімін 2 айға, яғни 2023 жылғы 7 маусымға дейін ұзартуға санкция берілді», делінген ресми хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Арман Жұмагелдиевке 2022 жылғы қаңтар айының басында қаруды заңсыз сақтағаны және жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны үшін айып тағылып отыр.