Медицина • 18 Сәуір, 2023

Жедел операция – жанға сеп

493 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Отандық медицинаның мүмкіндігі де, дәрігерлердің біліктілігі де артып келеді. Жергілікті дәрігерлер науқастарға күрделі операцияны жедел жасауға машықтанды.

Жедел операция – жанға сеп

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАР, «EQ»

Мәселен, науқастарға күрделі опе­рация жасап жүргендердің қата­рында атыраулық дәрігерлер де­ бар. Облыстық ауруханадағы ги­не­кология бөлімшесінің мең­ге­ру­шісі Жанаргүл Бекенованың ай­туын­ша, жыл басында қабылдау бөлі­м­шесіне келген 53 жастағы әйел­ түскен.

«Сол кезде науқас ішкі ағза­сының ауырғаны туралы ша­ғым­ айтты. Жүрегі айнып, құс­қан.­ Ағзасында әлсіздік, бас айнал­ғаны байқалды. Жыныс жолы­нан қан кеткен. Біздің бөлім­ше дәрігерлері науқасты то­лық тексеруден өткізді. Оның қоры­­тындысымен науқасқа «Жатыр­дың­ алып миомасы. Түйін некро­­зы,­ орташа анемия» диагнозы қо­йыл­ды», дейді Ж.Бекенова.

Миома – жатырдың қатерлі емес­ ісігі. Бірақ мұндай ісікпен жүру­ қиындық тудырады. Адам ағза­сына кері әсері бар. Сол себеп­тен бөлімше меңгерушісінің жетек­ші­лігімен гинеколог дәрі­гер­лер Інкәр Ондасынова мен Мақ­сат Туғанбаев науқастың жа­ты­­рына операция жасап, салмағы 8 кг­ миоманы алып тастаған.

Ал облыстық онкология дис­пансерінде қатерлі ісікке шал­дық­қан 59 жастағы науқасқа жа­сал­ған күрделі операция сәтті аяқ­талды. Диспансер директоры Эл­мира Сапарованың айтуынша,­ опе­рацияға дейін науқасқа «ретро­пе­ритонеум саркомасы» диагнозын қойылған. Онкология дис­пан­се­рін­дегі күрделі операцияны хи­рур­гия бөлімінің меңгерушісі Мақ­сат Шәмшенов пен облыстық кар­диоорталықтың қан тамырлар хи­рургі Ерлан Мәдешев жасады. Хи­рургтерге ассистенттер Мерей Қаз­ғалиев пен Мақсат Туғанбаев, Мей­рамгүл Игібаева, анестезио­лог­ Алиакбар Имаматдинов кө­мек­­тесті.

«Науқасқа жасалған күрделі опе­­рация ортаңғы лапаротомия­ деп­ аталады. Хирургтер анасто­моз­­дарды қою арқылы науқастың дене­сінен бірнеше ісікті алып тас­таған. Оның ішінде сыртқы мы­қын артериясы мен сол жақ­та­ғы несепағардың төменгі үш­тен­ бір бөлігін резекциялау ар­қы­лы алынған үлкен ретроперитонеаль­ді­ ісіктер бар. Ең үлкен ісіктің салмағы – 15 кг», дейді Э.Сапарова.

 

Атырау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20