09 Шілде, 2014

Адамдарға қамқорлық үшін алғыс

1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Мәскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы Орталық музыка мектебінің оқушысы Руслан Тұрынтаевтан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. 9-сынып оқушысы Р.Тұ­рын­таев өз хатында Мемлекет бас­шысына ел азаматтарының тұрмысын жақсартуға бағытталған күш-жігері мен адамдарға деген қамқорлығы үшін алғысын жеткізген. Хат иесі Мәскеуде өткен П.И.Чай­ковский атындағы 8-халық­аралық жасөспірімдер кон­курсында бірінші орын алып, лау­реат атағын иеленгенін айтады. «Әсемдіктің шыңына шығу қиын, бірақ сіз қазақстандықтар бақытты, мәнді де сәнді өмір сүруі үшін барлығын жасап келесіз. Өзімнің жетістігімді Сіздің туған күніңізге арнаймын. Бұл, сондай-ақ, Қала күніне де тартуым», делінген хатта.
Соңғы жаңалықтар

Әділет – тұрақты даму өлшемі

Партия • Бүгін, 07:55

Санаткер туралы жинақтар

Қоғам • Бүгін, 07:50