Бала аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, тілге келмей қайтыс болды.
Белгілі болғандай, көлікті 15 жастағы оқушы басқарған.
Сарқан ауданының полициясы аталған факті бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша жүргізілуде. Көлік арнайы тұраққа қойылды.
Полиция көлікті басқаруды кәмелетке толмағандарға беруге қатаң тыйым салынғанын еске салды.