Бокс • 14 Мамыр, 2023

Қазақ пен қазақтың бәсекесі: Нұрбек Оралбай әлем чемпионы атанды

1039 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан әлем чемпионаты финалында 80 келі салмақ дәрежесінде Нұрбек Оралбай Қытай құрамасының боксшысы Тоқтарбек Таңатханмен жұдырықтасып, чемпион атанды деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақ пен қазақтың бәсекесі: Нұрбек Оралбай әлем чемпионы атанды

Нұрбек Оралбай Қазақстан құрамасына төртінші алтынды сыйлады.

Ол өткен жылы Азия чемпионатында қола жүлде алған еді. Ал 2018 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанған болатын.

Ал оның қарсыласы Тоқтарбек Таңатхан -  Қытай құрамасы атынан қатысып жатқан этникалық қазақ.

Ол жарыс барысында сенсация жасап, 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде  екі дүркін әлем чемпионы куба боксшысы және 2015 жылғы әлем чемпионы Арлен Лопесті жеңген болатын. 

Айта кетейік, әлем чемпионы Нұрбек Оралбай Имам Хатаевты жеңіп, финалға өткен болатын.