Өнер • 17 Мамыр, 2023

Ескі де жаңа «Гүлдер» ансамблі

858 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тарих өшпейді, тарих қайталанады. Өткен жаңғырып, жарқын, елеулі іс жаңа ғасырда өзгеше сипат алып түр­ленбек. Осылайша, сабақтастық орнап, ұлттық күре­тамыр болашақ терезесіне жалғанып отырады.

Ескі де жаңа «Гүлдер» ансамблі

Өткен ғасырдың 1968 жылы құрылып, тек Қазақстанда ға­на емес, жаһанның өзге мем­лекеттерінде атағы асқан «Гүл­­­­дер» ансамблі аңызға ай­нал­ғалы қашан. Гаванада өт­кен ІІ Дүниежүзілік студент жастар фес­ти­валінен кейін мәртебесі биік­теп, халықаралық деңгейдегі жүлделерге ие бол­ған ансамбль тарихта өш­пес орнын қалдырған болатын.

Қазақстанның белгі­лі әр­тістері Сара Тыныш­тығұ­ло­ва, Роза Рымбаева, Қапаш Құ­лышева, Қайрат Байбосынов, Айжан Нұрмағамбетова, Мақ­пал Жүнісова, Нағима Ес­қа­лиева, Майра Нұркенова, Же­­ңіс Ысқақова, Бақыт Ша­дае­ва, Бақтияр Тайлақбаев, Сем­бек Жұмағалиев, Гүлнәр Си­қымбаева, Қанат және Айт­күл Құдайбергенов сынды өнер майталмандары шығарма­шы­лығын «Гүлдерде» бастады. Алғашқы жетекшісі Қазақ­стан­ның халық әртісі Гүлжихан Ғалиева.

Таяуда «Гүлдер» ансамблі­нің жаңа құрамы Алматы кө­рермендері үшін Республика сарайында арнайы концерттік бағдарлама көрсетті.

Көрермен ықыласы ерекше болып, залда ине шаншар бос орын қалмады. Кеш барысында ансамбльдің тарихы мен өнер майталмандары туралы бейнеролик көрсетіліп, «Гүлдердің» өнердегі бағын­дыр­ған биік белестері таныстырылды. Көпшілікке «Гүл­дер» ансамблінің шығар­ма­шылық мұрасынан ең үздік қойылымдары мен түрлі жанр­дағы жаңа музыкалық-хорео­графиялық композициялары ұмытылмас әсер сыйлады.

Еске сала кетейік, былтыр тамыз айында Роза Бағ­ла­нова атындағы «Қазақ­кон­церт» мемлекеттік кон­церттік ұйымы аты әлемге жайылған шығармашылық ұжымды жаң­ғыр­ту жобасын қолға алған. Ұжым­ға шығармашылық оқу орындарының түлектері алынып, тә­жірибелі тәлімгерлер – бас ба­летмейстер ретінде Анвара Садықова және жо­ба­ның көркемдік жетекшісі әрі дирижері Серік Дәулетов ша­қы­рылған-тын.

Айта кетейік, 1 наурыз күні Астана қаласында ан­самбльдің жаңа құрамының тұ­сау­кесер концерті болып өтті. Кешке қазақ эстрада­сының жұлдыздары, «Гүл­дер» ансамблінің алғашқы со­листерінің бірі, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, жас әнші­лер Мәди Сыздықов, Зари­на Божакова, Дидар Әбдіха­лық және Салтанат Меңдіға­лиева, «TURAN» фольклор­лы-эт­­нографиялық ансам­блі мен «Step­pe Sons» альтернатив-фоль­клорлық тобы қатысты.