Алатау баурайына осыншама көп спортшының жиналуы тегін емес. Өйткені осы дүбірлі додада келесі жылы Парижде алауы тұтанатын Олимпия ойындарының жолдамалары сарапқа салынады. Сол себепті де Қазақстаннан бөлек, Аустралия, Әзербайжан, Бразилия, Германия, Исландия, Испания, Италия және Швейцариядан келген саңлақтар аталған бәсекеде барын салуда.
Қазақстан құрамасы сапында 20 мерген өнер көрсетіп жатыр. Солардың арасында Азия ойындарының қола жүлдегері Мария Дмитриенко, Әлем кубогінде үшінші орынға табан тіреген Әсем Орынбай, Дүниежүзілік универсиаданың финалисі Эдуард Ещенко және тағы басқа танымал спортшылар бар.