Спорт • 25 Мамыр, 2023

Тимофей Скатов финалға шықты

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның екінші, әлемнің 147-ракеткасы Тимофей Скатов Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысындағы екінші матчта жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тимофей Скатов финалға шықты

Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін әлемнің 119-ракеткасы, финляндиялық Отто Виртаненмен ойнады.

Бірінші партияда қарсыласы Виртанен 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте қазақстандық теннисші 6:2 есебімен жеңді. Үшінші, шешуші партияда Скатов 7:5 есебімен ұтып кетті.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші іріктеу сынындағы алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған канадалық Габриэль Диалломен өткізіп, жеңген еді. 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024