Әдеби сыйлыққа 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындыларымен үміткер бола алады.
Өтінім «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» аталымдары бойынша қабылданады. Жас қаламгерлер 2023 жылдың 1 маусымынан бастап 30 маусымына дейін уәкілетті органға қағаз және электронды түрде құжаттар жіберуге тиіс.
Президенттік сыйлық әр аталым бойынша бір үміткерге ғана тағайындалады.
Сыйлыққа ие болғандарға «Қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаты» атағы беріледі. Сондай-ақ диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы (әр аталымға 4,1 млн теңге) тапсырылады.