Пікір • 16 Шілде, 2023

Салықтан жалтарғандарға шектеу қойылады

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Интернеттің дамуына байланысты қоғамдық қатынас та кеңейе түсті. Әлеуметтік желілердің адам өміріне терең бойлағаны соншалық, олар бұқаралық ақпарат құралдарын ығыстырып, қоғамдық пікір қалыптастыруда негізгі рөлді атқарып отыр.

Салықтан жалтарғандарға шектеу қойылады

Қай жағынан қарасақ та, бұл – жақсы құбылыс. Алайда интернет ортаның қаншама оңтайлы тұсы болғанымен, руханият, тіл, балаларды қорғау, экономика, тағы да басқа маңызды бағыттарға зияны жоқ деп айта алмаймыз. 2022 жылы таратылған жалған ақпараттың 278-і деструктивті сипатта, 5 267 факті – алаяқтық белгілеріне (фишинг), 2 846-сы қаржы пирамидаларын жарнамалауға қатысты болды. Еліміздің тұтастығы мен қауіпсіздігіне, жалған ақпарат тарату арқылы адамның ар-ожданы мен абыройына нұқсан келтіретін жағдайлар да белең алып бара жатқаны шындық.

Бұған қоса, елімізде қызмет ететін онлайн-платформалар мемлекеттік тілге қойылатын талаптарды толық орындамай жатыр десек те болады. Көптеген ресурстың интерфейсі мен контенті мемлекеттік тілге автоматты түрде аударылмайды. Бұл мәселенің экономикалық аспектілерін де ұмытпаған жөн.

 Бірақ Қазақстанның интернет аудиториясын кеңінен пайдаланып, тікелей түрде де, жасырын түрде де жарнама жасап, пайда тауып жүргендердің арасында салық төлемей жүрген азаматтар да аз емес. Сондайлардың дегеніне еріп, алдау мен арбауға түсіп, қаржылай зардап шеккен интернет тұтынушылардың құқық қорғау мәселесін де ұмытпағанымыз жөн.

 

Анас БАҚҚОЖАЕВ,

Мәжіліс депутаты