Қоғам • 15 Тамыз, 2023

Жаңа оқу жылы басталғанға дейін 52 мектеп ашылады

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өңірлердің жаңа оқу жылына дайындығы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа оқу жылы басталғанға дейін 52 мектеп ашылады

Премьер-министр оқу жылы басталғанға дейін 52 жаңа мектеп ашу жоспарланып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар жаңадан салынып жатқан 15 мектеп уақытылы ашылмай қалуы мүмкін.

«Мұндай объектілердің басым бөлігі Түркістан облысы мен Астана қаласында орналасқан. Осы бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, жаңа мектептердің іске қосылуын қамтамасыз ету қажет», деді Әлихан Смайылов. 

Үкімет басшысының айтуынша, 180 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, бірақ мұнда да жұмыстардың уақытында аяқталмай қалу қаупі бар.