Денсаулық • 16 Тамыз, 2023

Серіктестік босану: министрлік жүкті әйелдерге нұсқаулық берді

497 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Серіктестік босанудың басты мақсаты – рухани қолдау, денеге түсетін ауыртпашылыққа демеу болу, босанатын адамға қолайлы, жайлы атмосфера қалыптастыру. Алайда Қазақстанда серіктестік босану сән үрдісі болудан қалып, әдеттегі практикаға айналды. Шақалағын қолына алуға дайындалып жатқан келіншектердің көпшілігі бұны алдын ала жоспарлап, қасында жақын адамын көргісі келеді. Осы орайда Денсаулық сақтау министрлігі жүкті әйелдерге пайдалы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Серіктестік босану: министрлік жүкті әйелдерге нұсқаулық берді

Фото: pexels.com

Қазақстанда акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетудің бектіліген стандарттары бар екені белгілі. Қолданыстағы стандартқа сәйкес, жүкті әйел жеке босану палатасына жатқызылуы мүмкін. Жүкті әйелге босану кезінде психологиялық қолдау көрсету мақсатында жіті инфекциялық аурулардың клиникалық көріністерінсіз, таза киіммен және ауыстырылатын аяқ киіммен серіктес жіберіледі. Ол отбасы мүшесі немесе жақын адам болуы шарт.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүргізген зерттеулерге зер салсақ, босану кезінде серіктестің болуы ананың да, баланың да денсаулығына жағымды әсер етеді. Әйел ауырсынуға оңай төзеді, өзін еркін сезінеді, ал босану процесі жеңіл өтеді.

Министрлік ұсынған статистикаға сәйкес, қазақстандық әйелдер көбінесе аналарымен босанғысы келеді. Босану кезінде практикалық көмек те, психологиялық қолдау да маңызды. Егер әйел босануға жалғыз келсе, онда ол көмексіз қалмайтынын да айта кету керек. Оның жанында міндетті түрде тәжірибелі акушер болады, ол ауырсынуды жеңілдету үшін тыныс алу әдістері туралы айтып, қажет болған жағдайда әйелге босану боксында қозғалуға көмектеседі, су әкеледі және массаж жасайды.

Десе де, көптеген адамдар үшін өзіне жақын жанның қолдауын сезіну маңызды. Серіктестік босану туралы шешім қабылдау бірлескен, ерікті және саналы болуы керек.

«Босану кезінде серіктестің болу форматы босанған әйелмен алдын-ала, босану жоспарын құру кезінде келісіледі. Әйел дәрігермен жақын адамының бүкіл босану кезінде немесе, мысалы, тек босану кезінде онымен бірге болғанын қалайтынын талқылайды. Босану кезіндегі серіктес не істей алады: толғақтың ұзақтығын және олардың арасындағы уақыт аралығын өлшеу, босанған әйелдің қолын ұстау, су беру, терді сүрту, әйелге босану кезінде дұрыс дем алуға және босану позаларын қабылдауға көмектесу, ауырсынуды басатын және босаңсытатын массаж жасау, дәретханаға немесе душқа апару, қажет болған жағдайда дәрігерді шақыру, психологиялық қолдау көрсету», дейді мамандар.

Туғаннан кейін бірден нәресте анасының кеудесіне жатқызылады, оған жылы көрпе жабады, балаға жылы қалпақ кигізеді, өмірдің бірінші сағатында теріге жанасуды қамтамасыз етеді, содан кейін серіктестің қалауы бойынша ол баланы қолына ала алады. Егер босану асқынусыз өтсе, серіктес анасы мен баласын палатаға ертіп баруы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Онды үлгілі ауыл атануға лайық

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15

Ұлт өнерінің мерекесі

Өнер • Бүгін, 08:05

Ақын мұрасы архивте

Архив • Бүгін, 08:00