Әлем • 29 Тамыз, 2023

Қазақстан: Конституциялық референдумның нәтижесі қандай?

208 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Legavox.fr сайты 30 тамыз Конституция күніне орай «Қазақстан: Конституциялық  референдумның нәтижесі қандай?» деген тақырыпта арнайы мақала жариялады. Мақаланы ықшамдап аударып беріп отырмыз.

Қазақстан: Конституциялық референдумның нәтижесі қандай?

Былтыр  Орталық Азияның ірі мемлекеті саналатын Қазақстан референдум өткізіп,  елдің институционалдық бағытын  түбегейлі өзгерту мақсатында конституциялық реформаларды бекітті. Мемлекет басшысы тек бір мерзімге ғана сайланатын болды,  Парламенттің төменгі  палатасы - Мәжілістің қуаты  нығая түсті,  жаңа Конституциялық сот жүйесі құрылды.

30 тамыз – Қазақстанда Конституция күні, мемлекеттік мереке.  Соңғы 30 жылдың ішінде Қазақстанның Конституциясында бірқатар өзгерістер болды. Былтырғы жылдың  қыркүйек айында елдегі сайлауға қатысушылардың 77 пайызы Конституцияға түзету енгізуді құп көрді. Түзетулердің ішінде Президентке берілген артықшылықтардың қысқаруы  үлкен мәнге ие болды. Одан бөлек ауыл әкімдерін жергілікті халықтың тікелей дауыс беріп өздері сайлауы,  Парламенттің төменгі палатасына  саяси партиялардың  өтуіне қойылатын талаптардың жеңілдеуі, округтардан бір мандатты  жүйе бойынша кандидаттардың  сайлауға  түсуі қарастырылған. Сондай-ақ халықтың сеніміне селкеу түсірген депутаттарды қызметтен босатып, мандатынан айыру  механизмі іске қосылды.  Көптеген үкіметтік емес ұйымдардың өтініші  негізінде  «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» Заңға да бірқатар өзгерістер енгізілді. Осы кезге дейін қолданыста болған бұл заң  азаматтардың  арасында демонстрация мен қоғамдық тәртіпті бұзудың аражігін ажыратуда түсінбеушілік туындады.  Сондықтан да заң жобасына  нақтылау мен нақты шектеу енгізілді, ал бұл теориялық тұрғыдан алғанда  азаматтардың  бостандықтарын қорғауға орасан зор мүмкіндік тудырды.

Осы жылдың 1 қаңтарында Қонстиуциялық сот құрылды.  Бұл еліміздің сот және заң шығару тарихындағы оң бетбұрыс саналды. Себебі  жаңа құрылған органның негізгі  міндеті – Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету. Бұдан былай кез келген азамат өз құқықтарын қорғау үшін Конституциялық сотқа тікелей жүгіне алады.  Конституциялық реформа елдің демократиялық бағытқа бет алғанын айқындай түседі.

Демократия - ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан көшпелілердің басқосып баталасып, құрылтай өткізу арқылы қабылданған тарихи шешімінің мұрасы. «Өзегіне оралу» Қазақстанның біртіндеп  демократиялық парламент жүйесін қалыптастырып келе жатқанын айқындай түседі.