Реформа • 31 Тамыз, 2023

Альберт Рау: «Азаматтардың әл-ауқатын арттыру – Президент реформаларының басты мақсаты»

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының реформалары барлығына тең мүмкіндіктер мен әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл туралы Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары, «AMANAT» фракциясының мүшесі Альберт Рау партия фракциясының кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Альберт Рау: «Азаматтардың әл-ауқатын арттыру – Президент реформаларының басты мақсаты»

Фото: ашық дереккөз

«Біздің партия Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі ретінде қайта құруларға серпін беретін президенттік реформаларды алға ілгерілетушілердің бірі болып табылады. Мәселен, біздің фракцияның бірінші тақырыптық отырысында Үкімет қабылдаған «Халықтың табысын арттыру бағдарламасы» қаралды. Біз бұл мәселеге міндетті түрде қайта ораламыз, өйткені отандастарымыздың әл-ауқатын арттыру – Президент реформаларының басты мақсаты. Фракция «Жайлы мектеп» жобасына ерекше көңіл аударады. Жалпы, күрделі сыртқы жағдайға және елде қордаланған мәселелердің шиеленісуіне қарамастан, экономикалық қайта құрулар елімізге қиындықтарды еңсеруге мүмкіндік береді», деді ол.

Осылайша, «AMANAT» фракциясы бірінші сессия барысында өз күш-жігерін Мемлекет басшысының Жолдаулары мен бағдарламалық құжаттарды іске асыруға бағытталған заңдар пакетін қабылдауға жұмылдырды. Мәжіліс жұмысында 82 заң жобасы болды, оның 25-і қабылданды.

«Мәселен, депутаттардың бастамасымен сұйытылған газ айналымын реттеу туралы заң қабылданды. Ол газ таратудың өндіруші зауыттан тұтынушының резервуарына дейінгі ашықтығын қамтиды. Дәл осы мәселені шешуге Мемлекет басшысы ерекше назар аударды. Сондай-ақ депутаттар интернет-платформалар мен интернет-жарнама туралы заңға бастамашы болды. Ел Президенті өз Жолдауында бұл саланы құқықтық реттеу қажеттігін айтты. Заң жобасының жан-жақты қоғамдық талқылаудан өткені маңызды. Азаматтық қоғамның пікірі ескерілді», деп атап өтті Альберт Рау.