Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2023

Полиция парасаты

237 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Таразда дәс­түрлі «Па­ра­сатты полицей» рес­публикалық бай­қауы өтті. Б.Мо­мыш­ұлы атын­дағы Жеңіс сая­бағында өткен ашылу рәсімінде байқауға қатысушылар Кеңес Од­ағы­ның Баты­ры Бауыр­жан Момыш­ұлы мен Ха­лық қаһарманы Ғазиз Бай­тасов ескерт­кіш­теріне гүл шоқ­тарын қойды.

Полиция парасаты

Салтанатты іс-шараға қа­­тысқан Жамбыл облысы ПД бастығы Арманбек Бай­мур­­зин, ІІМ идеологиялық және имидждік жұмыс депар­тамен­тінің бастығы Аль­бина Махам­бетова сөз алып, полицияның абырой-беде­лін арттыру үшін мұндай байқау­лардың пайдасы зор екенін атап өтті.

Байқаудың екінші күнi Баласағұн Орталық концерт залында тәртіп сақшылары «Парасатты полицей» бай­қауы­ның екі кезеңi бойынша бақ сынады. Сайыс басталар алдында іс-шараның құрметті қонағы, Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың жұбайы Гүлжамал Тәжиева құттықтау сөз сөйледі. Әр команда әртүрлі ұлт өкілдерінен құралды. Олар өздерінің мемлекеттік тiлдi жетiк меңгергендерiн көрсетiп, заңдар мен кәсіби терминдердің қолданылуы бойынша бiлiмдерiн танытып, шығармашылық тапсырмаларды мүдiрместен орындады.

Байқау қорытындысы бо­йынша Қостанай облысы полиция департаментінің «Қос­танай сақшылары» командасы жүзден жүйрік шығып, жеңімпаз атанды. Бірінші орын Ақмола облысы полиция департаментінің «Көкше сақшылары» командасына бұйырды. Ал екінші орынды Алматы қаласы ПД «Ұлы дала сақшылары» және Шымкент қаласы ПД «Мегаполис» командалары өзара бөлістi. Астана қаласы ПД «Елорда қырандары», Батыс Қазақстан облысы ПД «07 аймақ» және Жетісу облысы ПД «Қыран құс» командалары жүлделі үшінші орын тұғырынан көрiндi. Сондай-ақ байқаудың қазылар алқасы ерекше өнер көрсеткен қатысушыларды бірнеше аталым бойынша марапаттады. Оған қоса мем­лекеттік тiлде мүдiрмей сөйлеп, жетiк меңгергенiн көрсете бiлген «Тілi басқа, тілегі бiр» аталымымен Ақтөбе облысы полиция де­партаментінің қызметкерi Фо­ленвейдер Вла­ди­мир Юрье­вич марапатталды.

Қазылар алқасының төр­ағасы – «Қазақстан КВН ода­ғы» республикалық жас­тар қоғамдық бірлес­тігі­нің пре­зи­денті Есен Елеу­кен бай­қау­дың ұйымдас­ты­рылуы­на, командаларды даяр­лауға жоға­ры баға беріп, бүгінде по­ли­цейлер қылмыстарды ашып қана қоймай, дарынды және шығармашылық тұлғалар екенін дәлелдегенін атап өтті. Салтанатты рәсімде Жамбыл облысы ПД бастығы Арманбек Баймурзин командаларға қа­тыс­қаны үшін алғыс айтып, байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтап, гра­мо­талар, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Іс-шара эстрада әнші­лері Мөлдір Әуелбекова, Гүл­нұр Оразымбетова, Айна Қал­ма­ғамбетова, Нұржан Бейсенов қатысқан мерекелік концертпен аяқталды.