Аймақтар • 24 Қараша, 2023

Алматы облысында жүкті әйел құрсағындағы сәбиін сатпақ болды

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының полиция қызметкерлері құрсағындағы баласын сатпақ болған шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы облысында жүкті әйел құрсағындағы сәбиін сатпақ болды

Жүктілік мерзімі жеті айға жеткен 24 жастағы әйел әлеуметтік желіде әлі дүниеге келмеген баласын сату туралы хабарлама қалдырған. 

Полицейлер оны 22 қараша күні Қарасай ауданында ұстаған.

«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабының 1-бөлігімен Қарасай аудандық әкімдігінде тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптамалар тағайындалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.

Ұсталған азамат Қарасай аудандық полициясының уақытша ұстау изоляторына қамалды.